$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстандағы жолдарды сапалы етіп салуға жаңа қондырғылар көмектеседі

Жаңа құрылғыны асфальтбетон, бетон және басқа да жол құрылысы материалдарын зерттеу барысында қолдануға болады. Құрылғылар салмақ пен салмақ жылдамдығы, температураның өзгеруіне байланысты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан аймағының климаттық жағдайларын ескере отырып, автомобиль жолдарына түсетін салмақ шарттарын анықтауға болады.

Айта кетейік, жаңа қондырғыны енгізу және жүзеге асыру «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Мемлекет басшысы аталған бағдарламада зертханалық базаларды дамыту арқылы өнімдер сапасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Жаңа қондырғының атқаратын міндеті де осы — жолдардың төзімділігін қамтамасыз ету.

Өнертабыс эксперименттік механика түріне жатады. Эксперимент қорытындыларын жол саласымен қатар басқа салаларға да қолдануға болады. Ұсынылған құрылғылар материалдардың созылу кезіндегі механикалық сипаттамасын анықтауға арналған. Сондықтан, осы тектес циклды, үнемі немесе сатылап түсетін салмақтан болатын сырғығыштыққа және ұдайы жылдамдық салмағынан болатын өзгерістерге қатысты да зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.

Құрылғылардың айырмашылығы тек қана зерттелетін үлгінің жұмыс температурасына байланысты, яғни ҚҰРЫЛҒЫ-1 зерттеулерді -30 ±1ºС  до +20 ±1ºС температурасында жүргізсе, ҚҰРЫЛҒЫ-2 +20 ±1ºС до +60 ±1ºС температураларында жүргізеді. Басқа айырмашылығы жоқ, сынақтардың жүргізілуі бірдей.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтында екі түрлі жаңа құрылғы құрастырылды

Себебі, сырғығыштық пен релаксацияға сынақ жүргізу — тұтқыр серпімді материалдардың механикалық сипатын анықтаудың негізгі әдістемесі екендігі баршаға мәлім.

Асфальтбетон автомобиль жол жамылғысы құрылымының негізгі материалдарының бірі болып келеді. Асфальтбетонның механикалық сипаты оған түскен күштің әсеріне, жылдамдығы, ұзақтығы, көлемі мен температурасына қатты тәуелді. Нақты жол жағдайында жол жамылғысының асфальтбетонды қабаттарындағы температура қоршаған орта температурасының өзгеруіне, автокөлік доңғалақтарынан түскен салмаққа, олардың ұзақтығы мен жылдамдығына байланысты көлемді шамада өзгеріп тұрады. Cондықтан, асфальтбетонның механикалық сипатын анықтау барысында жоғарыда аталған факторлар өзгерістерін ескерудің практикалық маңызы зор.

Осы жаңа құрылғылар негізінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарының  жұмыс жағдайының шарттарын жасауға септігін тигізеді.

Аталмыш құрылғы өзіндік бастама негізінде құрастырылып, іске қосылды.  Осы өнертабысқа тапсырыс 06.10.2017 жылы  жіберіліп, бүгінгі күні аталған тапсырысқа оң нәтиже берілетіндігі туралы хабарландыру алынды.

Қазіргі кезде «ҚазжолҒЗИ» АҚ-да осы аталған жаңа құрылғылардың  көмегімен экспериментті зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары