$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстанда көппәтерлі үйлерге есептеу құралдарын жаппай орнату науқаны басталады

«Нұрлы жол» бағдарламасының басым бағыттарының бірі – ресурстарды үнемдеу болса, екіншісі – ТКШ саласын жаңғырту. Яғни, ескірген көпқабатты үйлердің есік-терезелерінен бастап, қасбетін, құбырларын, шатырын түгел қайта жөндеп шығу тиіс. Сондай-ақ, бұл жоба аясында су мен электр энергиясының есептеуіштерін жаңарту және орнату жұмыстары да жүргізілмек. Жұмсалатын қаражат үй тұрғындарының өздерінен алынады – ұзақмерзімді несие негізінде.

Рас, бұл реформаны алғаш естігенде қазақстандықтардың көбі үрке қараған. Өйткені, ешкім қалтасынан артық ақша шығарғысы келмейді. «Пәтерімнің іші жаңа әрі таза болса болды, подъезде не боп жатқанында шаруам жоқ» дейтіндер көп болатын. Алайда, ұзақ уақыт бойы жүргізілген түсіндіру жұмыстарынан кейін бағдарламаны қолдап, үйлерін жаңартуға келіскендер саны еселеп өсті. Нәтижесінде ел қалаларының бәрінде ескі үйлер жаңа келбетке ие болып, қала көркіне рең берді.

Енді осы көпқабатты үйлерге жаппай есептеуіш құралдары орнатылатын болды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған министрлік бүгінде облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерін өңірлік жоспарлармен көппәтерлі тұрғын үйлерді (КТҮ) құралдандыру және толық масштабты техникалық түгендеу бойынша тыңдауды аяқтады. Аталған жұмыс ТКШ саласындағы бірыңғай интелектуалдық ақпараттық жүйені одан әрі енгізу мақсатымен жүргізілді.

Тыңдаудың нәтижесінде 16 Жол картасына қол қойылды, оларға сәйкес 16 аймақтағы 190 пилоттық үйлерде, ол шамамен 15 мың пәтерлер, жалпы үйлік жылуды, суды және электрді есептеу құралдары (ЖҮҚ) орнатылатын болады. ЖҮҚ тұтынушыларға нақты қолданған ресурстар үшін ғана төлеу мүмкіндігін береді.     

Осы орайда, айта кетер жайт жылуды есептеу құралы тұрғындарға  жылуды тұтыну бойынша шығыстарды 36% үнемдеу мүмкіндігін береді. Бұған қоса, терможаңғырту және автоматтандырылған жылу түйінін (АЖТ) орнату элементтері бар КТҮ күрделі жөндеу жұмысын жүргізу арқылы сыртқы ауаның температурасына байланысты жылуды тұтынуды реттеу мүмкіндігімен, шығыстарды 60% дейін төмендетуге болады.  

Пилоттық режимде құралдандыру бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен бірге, бұдан әрі жоспарда кварталдарды, аялдамаларды, паркингтерді «ақылды» бағдаршамдармен және көше жарықтарымен жарақтандыру, «ақылды» көлікті жүргізу, ойын алаңдарында және көшеде бейнебақылау орнату мен басқа да жаңалықтарды енгізу жоспарланып отыр. 

Ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін, «ақылды» кварталдарды E-SHANYRAQ жұмыс атауы бірыңғай интеллектуалдық ақпараттық жүйелерге қосу жоспарланып отыр, қазіргі кезде бұл жоба бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ бірлескен жұмысты атқарып жатыр. Сондай-ақ, жүйеге 51 табиғи монополиялар субъектісі және 25 ПИК қосылатын болады. Пилоттық үйлерде мұндай жобаны іске асыру жүйенің барлық тұтынушыларына оның мүмкіндіктерін бағалау және оның тиімділігіне тексеру мүмкіндігін береді.

КТҮ құралдандыру және түгендеу бойынша жұмыстар КТҮ саны мен жағдайы туралы нақты деректердің болмауына байланысты, оларды әртүрлі стандарттарда жұмыс істейтін орталықтандырылмаған құралдарды сатып алу арқылы есептеу құралдарымен жарақтандыру басталды. Жалпы ТКШ цифрландыруға байланысты, айта кетер жайт, Қазақстандағы осы салада ақпараттық ресурстарға бірыңғай әдіс қарастырылмаған. Қазіргі уақытта, ҚР ИДМ «Тұрғын үй қатынастары» Заңына түзетулерді енгізуді қарастыруда, оған инфрақұрылымдық-тұрғын үй-кешенінің бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау туралы нормасы, сонымен бірге қажетті талаптар мен нормативтер қосылатын болады.  

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Мейржан Майкеновтың айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жоспарланып отырған цифрландыру ісі ТКШ ашықтығын қамтамасыз ету және барлық инфрақұрылымның ашықтығын қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.  

«Осылайша, коммуналдық желілерді цифрландыру есептеу құралдарының көрсеткіштерін автоматты жинауды жүзеге асыру мүмкіндігін береді, бұл адами факторды жояды және есеп-шоттарды қою кезінде ашықтықты қамтамасыз етеді. Үйлерді басқарудың онлайн-жүйесі басқарушы компаниялардың (ПИК) операциялық қызметін ашық жүргізу мүмкіндігін береді. Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерінің жоспарлы цифрландыруы олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және энергия ресурстарын өндіру мен тұтыну балансын жақсартады. Барлық осы деректер бірыңғай интеллектуалды ақпараттық жүйенің негізін құрайды», - деп хабарлады Мейржан Майкенов.

Естеріңізге сала кетелік, ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің төрағалық етуімен ТКШ цифрландыру бойынша отырыстар жүргізілді, осында ҚР инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенінің негізгі бағыттарын дамыту талқыланды. Кеңестің қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарына КТҮ құралдандыру бойынша өңірлік бағдарламаны әзірлеудің, тұрғын үй қорын және орнатылған есептеу құралдарын, қолданыстағы ақпараттық жүйелер мен ресурстарды түгендеуді жүргізу мәселелерін пысықтау, сонымен бірге саланы дамытудың негізгі индикаторларын цифрландыру және құралдандыру бойынша өңірлік Жол картасын әзірлеу тапсырылған болатын.

Анықтама үшін айта кетейік, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары