Арыста 25 нысан ел игілігіе пайдалануға берілді - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал
Суббота, 17 декабря 2016 17:40

Арыста 25 нысан ел игілігіе пайдалануға берілді

Биыл рухы асқақ, тұғыры биік мемлекетімізге 25 жыл толып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз.

Елу жылда ел жаңа деген халық даналығын баршаңыз білесіздер. Десе де, біз елу емес, тарихи өлшеммен алғанда өте қысқа, небәрі 25 жылда қарыштап жаңаланған, төрткүл дүние бағалаған ел болдық. 

Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендік басшылығының арқасында еліміз, оның ішінде Арыс қаласымен қатар әрбір елді мекен жыл санап жаңарып, жасаруда. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында қаламызда 25 нысан ашылып, ел игілігіне ұсынылды.

Атап айтқанда 1 мектеп, 1 ауыз су жүйесі, 2 шағын бақ, 8 балалар ойын алаңшасы мен 13 заманауи спорт алаңшалары халық игілігіне қолданысқа берілді. Қаламыздағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында және Монтайтас ауылдық округінде салынған заманауи спорт алаңшалары, Арыс қаласындағы Ақынбеков және Әл-Фараби көшелерінен бой көтерген шағын бақтар, сондай-ақ, Монтайтас ауылдық округі, Қожатоғай елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің салтанатты ашылу рәсімдері өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, облыстық мәслихат депутаты Қ.Әбдіхалық, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші