Астанадағы жаңа темір жол вокзалы мамыр айында пайдалануға беріледі

12.01.2017, 10:03

Астанадағы жаңа темір жол вокзалы мамыр айында пайдалануға беріледі

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Астана қаласының жаңа теміржол вокзалының құрылысы және Астана станциясының теміржол торабын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті деп жазады Primeminister.kz.

Аталған жобаларды іске асыру барысы жайлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қ. Алпысбаев баяндады. Ол қазіргі таңда Астананың вокзал кешенінің және теміржол торабының әзірлігі 80% құрайтынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта бетон жұмыстары, ғимараттың металл қаңқасын құру, шатыр жұмыстары, ғимараттың жылыту бөлігінің қасбеттерін қаптау аяқталды, орталықтан жылыту іске қосылды.  

Кірме теміржол эстакадасында металл аралық құрылыстарын құру аяқталды, шуылдан қорғау экранының тірек бөліктері мен металл құрылыстарын монтаждау соңына таяп қалды, жолдың жоғарғы құрылысы салынып жатыр.

Вокзалдың карниздерін қаптау жұмыстары, вокзалдың жылытылмайтын бөлігінің қасбеттерін әрлеу, ауа алмастыру жүйесін монтаждау, сыртқы электрмен қамту жұмыстары 90% аяқталды.

Вокзал ғимаратының ішіндегі әрлеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. 

2017 жылдың 1 мамырына қарай вокзал ғимаратындағы лифттер мен эскалаторларды монтаждау, іске қосу және жөндеу, аумақты абаттандыру және көгалдандыру, сонымен қатар әрлеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Елорданың жаңа теміржол вокзалы аумағындағы инженерлік коммуникациялар мен жол құрылысы жұмыстарының барысы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхаметов есеп берді.

Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшыларының құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқару, жаңа теміржол вокзалын пайдалануға беру қызметінің жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Аталған нысан құрылысында шамамен 1 150 адам жұмыс істейді. Астананың жаңа теміржол вокзалының өткізу қабілеті – тәулігіне 35 мың жолаушы. 

Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин вокзал кешені мен Астана станциясының теміржол торабы құрылысын аяқтауға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ол аталған нысандардың ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында сапалы әрі уақытылы тапсырылуының маңыздылығын айтып өтті.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші