Талдықорғанда «Айбын» әскери-патриоттық жиынның жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды (ФОТО)

19.06.2017, 09:33

Талдықорғанда «Айбын» әскери-патриоттық жиынның жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында 1 орынды иеленген «Жетісу тарландары» командасын Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында салтанатты түрде қарсы алды.

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлері ұйымдастырған ұлттық оркестрдің әуенімен «Жетісу тарландары» командасының мүшелерін «Жастар» саябағында туған-туыстары, достары мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айбын» жастар жиыны осы жылы халықаралық дәрежеде өтті.  Жиынға 600 республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінің, өңірлердегі әскери-патриоттық клуб мүшелері мен Ресей Федерациясының Оренбург Президент кадет училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Ұйымдастырылған жарыстар оңай болмады, алайда, қызықты өтті. Физикалық күшті, рухы биік, білікті жастардан құралған біздің команда халықаралық деңгейде өздерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Алдағы уақытта біз жоғары жетістіктерге жететінімізге сенеміз», - деді Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеология жұмыстар жөніндегі орынбасары Қуандық Әділбеков.

Ескерте кетейік, Қарағанды облысында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жеткен болатын. Алматы облысының атынан шыққан «Жетісу тарландары» командасы 16 өңірден шыққан әскери-патриоттық клуб арасынан жүлделі 1 орынды иеленді. Команданың әр мүшесі арнайы дипломмен, медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші