Халық бірлігі – ел дамуының кепілі - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Халық бірлігі – ел дамуының кепілі

19.06.2017 08:28
Халық бірлігі – ел дамуының кепілі

Зиятдин ҚАСАНОВ, «Ахыска» түрік республикалық қауымдастығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі:

– Зиятдин Исмаханұлы, еліміздегі этномәдени бірлестіктердің басты міндетіне нені жатқызар едіңіз?

– Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің басты міндеті – елде бейбітшілік пен келісімді сақтау. Осыған орай, біз түркі үкі­метімен ынтымақтастық жүргізіп, мәдениет пен білім саласындағы қатынастарды дамытып жатырмыз. Осындай жұмыстардың елеу­лі нәтижесінің көрінісі – аз қамсыз­дандырылған отбасылардан шық­қан балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының ашылуы. Лицей 500 оқушыға есептелген, 350 орындық жатақхана бар. Оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Яғни, барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді ұсыну, үштілді оқыту Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бел­гілеген даму бағытына толықтай сәйкес келеді. Біз балаларымызды мемле­кеттік тілді үйренуге тәрбиелейміз. Қазақстан – біздің Отанымыз. Сон­дықтан, қазақ тілін білуді азаматтық бірегейлігіміздің ма­ңыз­ды аспектісі деп білеміз.

– Еліміздегі түрік диаспорасы өкілдерінің неше пайызы қазақ тілін біледі?

– Қазақстандағы түрік диаспорасы өкілдерінің 97 пайызы қазақ тілінде сөйлейді, елде қазақ мектептерінде оқитын түрік балаларының қатары соңғы 20 жыл ішінде 58 пайызға артты.  Түрік халқының арасында 1997 жылы мемлекеттік тілде білім алған оқушылардың саны 20 пайыз болатын, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 30 пайыз болды, 2005-2007 жылдары 55 пайыз, ал 2010 жылы 65 пайыз түрік мемлекеттік тілді меңгерді. Ал бүгінгі таңда оқушыларымыздың 78 пайызы мемлекеттік тілде білім алып жатыр. Біз түбі бір түркі халықтарымыз, сондықтан да халықтың 97 пайызы мемлекеттік тілде сөйлеп жүр. Шетелден Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін түрік кәсіпкерлері арасында да қазақша сөйлейтіндер өте көп. Қазақстан Тәуелсіздігін алған 24 жылдың ішінде ешкімге «қазақ тілін үйрен» деп талап қойған жоқ. Қазақстанның кең жері сияқты қазақ халқының жүрегінің кеңдігі сонша, қандай ұлт өкілі болмасын Қазақстанда өзін еркін сезінеді, бұған бәріміз де куәміз. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын барлық ұлттың өкілі қазақ халқының дәстүрін, тарихын, мәдениетін, тілін біледі, құрметтейді.

– Қазақстан халқы Ассамблеясы идеясы туралы пікіріңізді білсек...

− Қазақстанның аумағында тұрып жатқан барлық этностар бір халық ретінде өмір сүруде және дәл осы нәрсе мемлекетіміздің экономикалық дамуының кепілі. Менің ойымша, Қазақстан халқы Ассамблеясы идеясы − өте дұрыс бастама. Елбасы осы ұсынысын алға тартып, оны құру барысында тек бір мақсатты көздеді. Ол Қазақстанда тұрып жатқан этностардың ауызбіршілігі. Соңғы жылдары қазақстандықтар елдің алға қойған мақсаттарының орындалып келе жатқанын, Қазақстанға түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүріп жатқанына көздері жетіп келеді. Бізде «ұлтты кемсіту» деген атымен жоқ. Еліміз қантөгістен таза. Бұл біздің Президентіміздің жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында жүзеге асырылып отыр. Елдің экономикалық өрлеуі үшін достастық, келісім мен бірлік  ұғымдарының маңызы зор. Елдің бірлігі – мемлекеттік экономикалық дамуының кепілі. Сол себепті біздің Президентіміз  2030 Стратегиясы, 2050 Стратегиясы секілді елдің басты құжаттарын дайындады. Меніңше, біздің Президент 1 мамырды үлкен мереке ретінде сақтай отырып, барлық қазақстандықтар үшін үлкен сыйлық жасады. Осы сынды мерекелердің арқасында біз ертеңгі күннің айқындығына көзімізді анық жеткіземіз.

Әзірлеген Айдана Нұрмұхан

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші