Алматыда Төле би көшесінің мерекелік күні өтті (ФОТО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

09.10.2017, 11:32

Алматыда Төле би көшесінің мерекелік күні өтті (ФОТО)

Алматыда «Туған жер» бағдарламасы аясында Төле би көшесінің күні мерекеленді. Мерекелік іс-шара Медеу аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық педагогикалық университеті алдындағы алаңда өтті.

Шараның басты мақсаты – жергілікті тұрғындар арасында Алматы қаласының, ондағы жеке аудандар мен көшелердің тарихын насихаттау, патриоттыққа бастайтын шаралар ұйымдастырып, Төле би бабамыздың өмірі, даналығы туралы жастарға кеңінен айтып өту болып табылады.

Мерекелік іс-шара аясында «Балалар кітабының әлемі», «Қала көшелерімен көрікті», «Балалар әлемінің елшісі», «Жастар кітап оқуды таңдайды», «Төле би көшесінің тарихи беттері», «Қол өнер шеберлері бұйымдарының көрмесі» тақырыптарындағы шатырлар, сондай-ақ, кітап көрмелері, фото көрмелер, шеберлік сыныптары, Төле би көшесі тарихының көрмесі, ұлттық және халықтық спорт түрлерінен ойындар ұйымдастырылды.

Осы көрмелердің бірін С.Бегалин атындағы балалар кітапханасының ұжымы ұйымдастырды. Көрмеге Төле би көшесінің тарихы жайында деректер қойылып, үш ғасыр бұрынғы мәліметтер келушілерге ұсынылды.

Жалпы, шараға 1978-1985 ж.ж. Алматы облыстық комитеттің бірінші хатшысы болған Кеңес Аухадиев, ҚР халық артисі Сәбит Оразбаев, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жетекшісі Сәбит Әбдіхалықовтар қатысып, жастарға өнегелі әңгімелерін айтты.

Айта кетейік, биыл сәуір айында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланған болатын. Онда Елбасы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған. Мақсат – ауылды жерлердің әлеуетін арттырып, халық арасында елдімекендердің тарихын жаңғырту.

Жыл басынан бері 150-ден астам шара өткізіліп,  20 мыңға жуық адам қамтылды. Мәселен, «Атамекен» жобасы аясында – 125, «Тәрбие және білім» жобасы бойынша – 18, «Рухани қазына» жобасы аясында 15 жоба іске асты. Жасалған жұмыстар қатарында салынған жаңа аулалар, жөнделіп жатқан жолдар, саябақтар, жаңадан ашылған балабақшалар, спорт алаңдары және өзге де нысандар бар», - дейді Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Абай және Достық көшелерінің күндері де Медеу ауданында аталып өткен болатын. Аудан әкімінің айтуынша, бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Өйткені өскелең ұрпақты рухани азықтандыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағдары.

Ал, қала тұрғындарын кезекті мерекесімен құттықтаған Сәбит Оразбаев өз сөзінде Төле би бабамыздың даналық сөздерімен бастап, жастарды ауызбіршілікке шақырды.

Сонымен қоса, мерекелік іс-шара қонақтары аудандық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт пен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Базарың тарқамасын» атты атақты қоянды жермеңкесіне арналған музыкалық драманың қойылымын тамашалады. 

Айымхан Әмірбекқызы

Галерея изображений

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші