Алматыда мектеп түлектерінің форумы өтті - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

11.10.2017, 17:57

Алматыда мектеп түлектерінің форумы өтті

Алматыда Медеу аудандық әкімдігінің бастамасымен мектеп түлектерінің форумы өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген бастамаларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Форумның басты мақсаты - түрлі салада қызмет етіп, белгілі бір жетістіктерге жеткен кешегі мектеп түлектері мен мектептердің арасындағы байланысты арттыру. Яғни, танымал азаматтардың оқушылармен кездеулерін ұйымдастырып, жастарға үлгі ету, тұлғаның тәжірибесімен бөлісу.

Дәстүрге айналған форум биыл кең ауқымда өтті. Мәселен, былтыр бұл шараға небәрі 50 шақты адам жиналып, шағын аудиторияда өткен болса, биылғы қатысушылардың саны 500-ден асып жығылды.

- Соңғы жиырма жылдағы дерек бойынша, Медеу ауданының мектептерін 30 мын түлек бітірген екен. Сондай-ақ, соңғы 1 жылдың  ішінде Медеу ауданының түлектерінің арқасында 1 млрд теңгеге 14 әлеуметтік жобаны іске асырдық. Атап айтқанда, 2 балабақша, 4 футбол алаңы, 4 спорт алаңы салынып, мектептерде үлкен шаралар өткізілді. Осы түлектердің арасынан мемлекеттік қызметте немесе жеке кәсіппен айналысып, үлкен жетістікке жеткен азаматтардың  базасын құрып, 2000-нан астам адам сайтта өзара байланысып, бастамаларды ұсынып және қолдап, мектеппен тығыз қарым-қатынас орнатуда. Форумның негізгі міндеті - «Туған жер» бағдарламасы аясында ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастарға рухани тәрбие беріп, өз еліне қызмет етуге шақыру, - дейді Медеу  ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев.

Сонымен қатар, аталған форумда Қазақстан Республикасының Еңбек ері, Алматы қаласының құрметті азаматы, Қазақстанның білім ардагері Миразова Аягүл Төреқызы, композитор, пианист, Халықаралық сайыстардың лауреаты, № 159 гимназияның түлегі Абдысағын Рахат-би Төлегенұлы, тележүргізуші, актриса, № 12 гимназияның түлегі Майя Веронская және өзге де депутаттар мен белгілі кәсіпкерлер қатысты.

Айта кетейік, аталған форум былтыр алғаш рет өткізілген болатын. Медеу ауданының әкімдігі енді бұл шараны дәстүрге айналдырып отыр. Өткен жылы алғашқы форумнан кейін жаңа мектеп алаңдары салынып, ескілері жөндеуден өткізіліп,  акт залдары жаңартылды, мектеп жиһаздары, компьютерлер, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясы аясында әр жылғы түлектер жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, өздерінің өмір жолдарын айтып, тәжірибе алмасып, түрлі мамандықтар туралы сұрақтарына жауап беріп, нәтижесінде аудан аумағындағы мектептерде жалпы 74 кездесу өтіп, оларға 6 мыңнан астам оқушы қатысты.

Алдағы уақытта ауданның әр мектебінде Түлектер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, «Ұрпақтардың сабақтастығы» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру және тәрбие жұмысын жүргізу үшін аудан мектептерінің түлектерін - бизнес, мемлекеттік құрылымдар, ғылым, мәдениет өкілдерін белсенді тарту жұмыстары жүргізілетін болады. Ал 2017 жылдың қазан айынан 2018 жылдың қазан айына дейін түлектермен кездесулер кестесін бекіту, Медеу ауданы мектептерінің ең үздік түлектері туралы кітап шығару ісі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, әр түрлі мамандық иелеріне объективті көзқарас қалыптастыру үшін оқушылар өндірістік мекемелерге, жекеменшік фирмаларға және басқа құрылымдарға барып, мамандардың жұмыс барысымен танысып қайтады.

Айымхан Әмірбекқызы

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші