Латын әліпбиі – жаңа көшке бастар керуенбасы - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

12.10.2017, 17:04

Латын әліпбиі – жаңа көшке бастар керуенбасы

Алматы технологиялық университетінің ұжымы мен студенттері еліміздің латын әліпбиіне көшуін талқылап, «Латын әліпбиі – жаңа көшке бастар керуенбасы» атты жиын өткізді. Жоғарғы оқу орнының ұжымы мен студенттер күні кеше Елбасы мен көпшіліктің назарына ұсынылған латын әліпбиінің жаңа нұсқасына қолдау білдірді.

Осы жиында студенттермен тығыз жұмыс істеген университет оқытушысы, «ҚР білім беру ісінің үздігі»,  «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Қарлығаш Әбдірахманова талқылай келе латын қаріпінің дұрыс нұсқасы қабылданып, еліміз өркениетке қарай қанат қағарына сенім білдірді.

– Тәуелсіздік алған жылдары көрші мемлекеттер латын әліпбиіне көше бастағанда «Біз қашан көшеді екенбіз» деген арман 20 жылдай ішімде жүрген еді. Қазақ тілі маманы ретінде латынға көшуді қолдаймын. Кеше ұсынылған екінші нұс­қаның әлемдік стандарт үшін жетілдіруге тиіс тұстары болу керек деп ойлаймын. Өйткені, әлемдік стандартта екі таңбамен берілетін әріптер бар. Мысалы, қазақтың төл дыбыстарын «aе» емес «ah», яғни «h» әрпін қоса әлемдік стандарттағы қос әріп арқылы таңбаласа, оқуға да жеңіл, клавиатурадан да шықпаймыз, қолайлы болар еді, – деді Қарлығаш Әбдірахманова.

Сондай-ақ, тіл маманы Қ.Әбдірахманова Бекболат Әшкеевтің 1916 жылғы Жетісу көтерілісіне қатысты латын әліпбиімен шыққан кітабын  жасында оқығанын тілге тиек етті.

Аталмыш жиынға Алматы технологиялық университетінің проректоры, оқытушы-профессорлар мен студент жастар да қатысты. Студенттерге латын әліпбиінің тиімділігі мен қажеттілігі түсіндіріліп, жастардың көкейіндегі сұрақтардың жауабын беруге тырысты. Нәтижесінде Алматы тетехнологиялық университетінің студенттері кириллицадан латын қаріпіне көшуді жаппай қолдайтындарын айтты.

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы көпшілік назарына ұсынылғаннан кейін біздің университет мамандары бірден өз пікірлерін білдірген болатын. Бұл қадам бізге әлемдік, жаһандық кеңістікте өз орнымызды табуға көмектеседі деп сенеміз. Бүгін «Латын әліпбиі жаңа көшке бастар керуенбасы» деген тақырыпта университет ғалымдары, тіл мамандары және профессорлық құраммен үлкен талқылау ұйымдастырып жатырмыз. Біз әліпбидің бірінші нұсқасын да талқыға салған едік, бүгін міне, әліпбидің екінші нұсқасына қатысты университеттегі тіл мамандары өз пікірлерін айтуда. Жалпы алғанда, латын әліпбиіне көшуді біздің университет ұжымы, студенттер қауымы түгелдей қолдайды, – деді Алматы технология университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Қалтай Батхолдин.

Қыркүйек айында латын әліпбиіне өту ұсынылып, ол барлық мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда қызу талқыға түсті. Бірінші нұсқадағы қосарланған дыбыстар қоғамдық қолдау таппай, күні кеше әліпбидің тағы бір жаңа нұсқасы қоғамдық талқылауға ұсынылған еді.

Ақбота Мұсабекқызы

Пікір  

+ 0 гость 13.10.2017 12:13
Жаңа заманға жаңа алфавитпен бастағалы жатырмыз.
Жауап беру
+ 0 гость898989 13.10.2017 12:13
Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы озық бағдарлама болды.
Жауап беру
+ 0 General 13.10.2017 12:14
Латын әліпбиіне өтуді қолдаймын, бұл алфавит - әлемдегі бәсекеге лайықты мемлекет болуымызға себепші болмақ.
Жауап беру
+ 0 Аноним 13.10.2017 12:15
Мейілінше тезірек енгізу керек қолданысқа, пайдасын көруіміз керек.
Жауап беру

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші