Алматы қаласында «Беларусь» мәдени орталығының көрмесі өтті

19.10.2017, 17:16

Алматы қаласында «Беларусь» мәдени орталығының көрмесі өтті

Алматы қаласында «Беларусь» мәдени орталығының көрмесі өтті Көрнекі сурет

Алматы музейінде  Қазақстан халқы ассамблеясының «Ел бірлігі - достықта» көрмелері циклі аясында ұйымдастырылған «Беларусь» мәдени орталығы көрмесінің ашылуы өтті. Салтанатты шараға Алматы  қаласы  этомәдени  бірлестіктерінің жетекшілері, қоғамның белсенді өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, мектеп оқушылары қатысты. Көрмеде Белорусь мәдениетінің  ұлттық өлеңдері шырқалып, ұлттық киімі, музыкалық аспаптары көрмеге қойылды.

Елбасы Н.Назарбаветың бастамасымен әлемде теңдесі жоқ, мемлекеттің қоғамдық-саяси бірегей институт «Қазақстан халықтары ассамблеясы» туралы заң 1992 жылы 1 наурызда қабылданған болатын. Сол жылы желтоқсанда тіркеліп Қазақстандағы Беларустардың бірінші қоғамдық бірлестігі аймақтық дәрежеге ие болды. Ал, 1995 жылы «Беларусь» ҰМО Қазақстан халықтары ассамблеясы құрамына еніп, «Беларусь» ҰМО кеңесінің төрағасы Атрушкевич Павел Александрович болды.

Айта кетейік, бұрынырақта Беларусь диаспорасының өмірі туралы «Казахстанская правда», «Мегаполис», «Вечерний Алматы», т.б. газеттерде  мақалалар жазылды. Сондай-ақ, беларустардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары,  асханасы туралы телехабарлар, деректі фильмдер түсірілген болатын.

- Бұған дейін  орыс, бурят, ауған, осетин, Қырым татарлары, шешен-ингуш  этномәдени бірлестіктерінің көрмелері өткен болатын. Сол көрмеде қала тұрғындары мен қонақтары  түрлі этностардың тарихы мен  мәдениеті, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Жоспар бойынша, Алматы музейі мен Алматы қалалық әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе отырып 34 этностың көрмелерін өткізуі тиіс, - деді Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Нұрлан Дүкенбаев .

Келем деушілерге көрменің есігі тұрақты түрде ашық. Ұйымдастырушылар айна бір немесе екі рет онда қойылатын бұйыидарды жаңартып отыруға уәде берді.

Айымхан Әмірбекқызы

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші