Талдықорғанда қараусыз қалған ескі саябақ қайта жаңғырды

13.11.2017, 16:44

Талдықорғанда қараусыз қалған ескі саябақ қайта жаңғырды

Алматы облысының орталығы тағы бір демалыс орнымен толықты. Талдықорған қаласында жекенің қолына өтіп, қараусыз қалған саябақ қайта жаңғырудан өтіп, ел тұрғындарының игілігіне беріліп отыр.

Еске салайық, елімізде қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы жүзеге асып келеді. Яғни, жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттің бірігіп күш жұмылдыруы арқасында елімізде әлеуметтік нысандар бой көтеруі тиіс. Бүгін қайта ашылған саябақ та екіжақты әріптестіктің арқасында қайта жөндеуден өткенін айта кету керек. Кәсіпкер саябақты тұтастай мемлекеттің меншігіне қайтарып берді. Ал, нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Амандық Баталовтң өзі келіп, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

- Құрметті талдықорғандықтар! Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін саябақтың бір бөлігі  жекеменшіктің қолында болғандықтан, саябаққа толыққанды жөндеу жұмысын жүргізе алмаған едік. Жер учаскесінің иесі, белгілі кәсіпкер, меценат Бағдат Манзоров саябақтың өзіне тиесілі бөлігін көпшіліктің игілігі үшін мемлекетке қайтарып берді. Енді балаларымыз жаңарған саябақта емін-еркін ойнайтын болады. Біз өз тарапымыздан саябақтың жаңғырту жұмыстарына, абаттандыру ісіне қажетті қаражат бөлдік. Саябақтың келбеті түгелдей өзгерді, көрікті де қолайлы демалыс орнына айналды. Балаларға арналып жасалған саябақ әрқашан кішкентай балғындарымызды қуанта берсін! – деді облыс әкімі А. Баталов өз құттықтау сөзінде.

Қонақтар саябақтың абаттандырылуымен, әткеншектердің жұмысымен танысты. Мұрат Мұтырғановтың цирк мектебінің өнерпаздары түрлі қызықты қойылымдарын ұсынды. Облыс әкімімен бірге ақсақалдар, спортшылар мен балалар саябақ ішінде жас көшеттер отырғызды. Жалпы осы күні саябақ Польшадан әкелінген 50 түп қайың көшеттерімен толықты. Балалар демалыс бағындағы 40 орындық жүрдек пойызға отырып, түрлі аттракциондарда ойнады. Айта кетсек, бүгін күні бойы саябақтағы әткеншектер мен пойыз балаларға тегін қызмет көрсетеді. 

Жалпы, орталық саябақ толыққанды жөндеуден өтті. Демалыс орнының оңтүстік бөлігінің жаңғыртылуы 2017 жылдың наурызынан қолға алынды. Нысанның жалпы сметалық құны 345,9 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер ретінде  «Достық Астана НС» ЖШС жүргізген. Сыртқы жарықтандырылуы, жаяу жүргінші жолы, гүлзарлар мен газондар жасалып, түрлі ағаштар отырғызылған. Шағын архитектуралық формалар, мүсіндер, орындықтар, балалар әткеншектері, қоршаулар, жәшіктер орнатылды. Су және арық жүйелері жасалды. Сол сияқты негізгі кіре беріс пен автокөліктерге арналған орын жасалды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші