Алматы облысында ауылдықтардың 30 жыл бойы күткен мектебі бүгін ашылды

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

14.12.2017, 17:02

Алматы облысында ауылдықтардың 30 жыл бойы күткен мектебі бүгін ашылды

Алматы облысына қарасты Ақөзек ауылының тұрғындары 30 жыл бойы күткен мектептеріне бүгін қол жеткізді. Елдімекен оқушылары бұған дейін аудан орталығына қатынап оқыған.

Қапшағай қаласы, Шеңгелді округіне қарасты аталмыш ауылда іргетасы 1980 жылдары қаланған бастауыш мектеп болған. Осы күнге дейін оның тозығы жетіп, қираудың аз-ақ алдында тұрған. Мұнда бала оқыту мүмкін емес еді. Енді міне, оның орнына үлкен жаңа ғимарат бой көтеріп, халық игілігіне берілді.

Бүгін білім ордасы ата-аналар мен кішкентай бөбектер үшін есігін айқара ашты. Көптен күткен бұл жаңалыққа ақөзектіктер ерекше қуанышты. 30 жыл бойы асыға күткен 120 орынға арналған орта мектепте қазіргі таңда 91 бала білім алып, 28 мұғалім қызмет етеді. Оқу орыны барлық материалды-техникалық базамен қамтылған. Яғни, компьютер сыныбы, мультимедиялық және технология кабинеттері, интерактивті тақтасымен толық жабдықталған. Сонымен қатар, медициналық бөлмесі, асхана және спорттық залы да қарастырылған. Мұнда 0-11 сынып аралығында оқушылар білім алуларына бар мүмкіндіктер жасалған.

496 түтіні бар Ақөзек ауылының тұрғындары осындай заманауи үлгіде салып берген «Еламан Фирмасына» және Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Қапшағай қаласының басшысы Талғат Қанатұлына шексіз алғыстарын айтып, оқушыларға білім көкжиегін кеңейтіп, оқуда озат шәкірттер атануына баталарын берді.

«Бұл кезең баршаңыз үшін ерекше есте қалатын, ұмытылмас мезеттердің бірі. Жаңадан бой көтерген білім ұясы ел ертеңінің тізгінін ұстар, көзі ашық, көкірегі ояу жас буын өкілдерін ұшырып, тәрбиелеп шығаратыны сөзсіз», - деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Осы орайда айта кету керек, Қапшағай қаласында 15 мектеп бар, онда барлығы 10 309 бала білім алуда.

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика