Тәуелсіздіктің 25 жылында ОҚО-ның білім беру саласы қалай дамыды? - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал
Суббота, 17 декабря 2016 06:25

Тәуелсіздіктің 25 жылында ОҚО-ның білім беру саласы қалай дамыды?

Еліміз егемендік алған жылдардан бері, Оңтүстік Қазақстан облысында 1491 мектепке дейінгі ұйым ашылып, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейі 83,3%-ға жетті. ОҚО-да соңғы үш жылда жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар желісі 8 есеге (100 бірліктен 811 бірлікке) артып, облыс республикада алдыңғы орынға шықты.

Бүгінгі күні жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырыс негізінде 78,5 мың бала тәрбиеленуде. ОҚО-да мектепке дейінгі ұйымдарды дамытуға 100 млрд. теңгеден астам қаржы салынды.

Осы жылдарда облыста 444 жаңа мектеп салынып, 117 апатты мектептің мәселесі шешілді.

Дерек пен дәйек:

ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары білім беру саласына қаралған қаржы 257 есеге артты. 1991 жылы 895 млн. теңге болса, қазіргі таңда 230 млрд. теңгеге жеткен.

ОҚО-да 25 жылда жаңадан 1491 балабақша ашылған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында облыста 91 балабақша ғана жұмыс істесе, бүгінгі күні олардың саны 1582 жеткен.

ОҚО-да соңғы бес жылда «Балапан» бағдарламасымен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 2,5 есеге артты.

ОҚО-да Тәуелсіздік жылдарында жалпы 491 жалпы орта білім беру нысандары салынған. Оның ішінде типті үлгідегі 444 жаңа мектеп, 31 қосымша құрылыс салынған, 13 мектепте қайта құру жұмыстары атқарылған. Нәтижесінде облыстағы 1021 мектептің 491-і, яғни, 48%-ы жаңа мектеп ғимараттарына көшті.

ОҚО-да 1991 жылы 965 мектепте 437 901 оқушы болса, қазіргі таңда 1021 мектепте 612 499 оқушы білім алуда.

Тәуелсіздіктің 25 жылында ОҚО-ның 250 дарынды оқушы республикалық және Халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші