Нұрлы жол - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Нұрлы жол

Алматы облысының журналистері ағылшын тілін меңгеруге кірісіп кетті. Бұл туралы облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының кеңесшісі Әсем Тоқтасын өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында мәлімдеді.

Алматы облысындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары дәстүрге айналған «Туған елге тағзым» жобасына қатыспақшы. Бұл туралы Талдықорғандағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде аталған мектеп директорының орынбасары Гүлназ Жетпісбайқызы мәлімдеді.

Зиятдин ҚАСАНОВ, «Ахыска» түрік республикалық қауымдастығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында 1 орынды иеленген «Жетісу тарландары» командасын Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында салтанатты түрде қарсы алды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкенттегі Қошқар ата өзенінің маңы адам көргісіз күйде жататын. "Қошқар ата" дегенде көз шымкенттіктердің көзіне тым ескі үйлер, лайы шыққан жолдар, жезөкшелердің тұрағына айналған моншалар елестейтін. Бірақ, бұл бірнеше жыл бұрынғы жағдай. Қазір өзеннің жағасы нағыз демалыс орнына айналған.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде  «Ауылым – алтын бесігім» байқауы туралы облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры мен  өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. Аталған байқаудың мақсаты – облыс көлеміндегі ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың мәдени өрлеуі мен жеткен жетістіктерін таныстыру,  олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, дарынды жеке тұлғалардын есімдерін анықтау және оларды насихаттау, қала мен ауыл мәдениетін теңестіру болып табылады.

Бүгін елордада халықаралық X Астана экономикалық форумы басталды. Тәуелсіздік сарайында жер жаһанның әр қиырынан келген мамандар, сарапшылар, кәсіпкерлер және Қазақстан Үкіметінің басшылары бас қосып, пікір алмасып жатыр деп жазады Хабар-24.

Талдықорғанда 200 оқушыға арналған «Жас ұлан» жазғы шатырлы лагері өз жұмысын бастады. Лагердің ашылу салтанатына қала әкімі Бағдат Қарасаев арнайы қатысып, демалысқа шыққан оқушыларды құттықтап, тарту-таралғылар үлестірді.

Елімізде дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының финалдық кезеңінің басталуына да ұзақ уақыт қалған жоқ. Бүгінде облыстардың аудан-қалаларында осынау конкурстың іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Аталған шаралар тізбегі Алматы қаласының аудандарында да ұйымдастырылды.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қытай елінің делегациясымен кездесті. Жиында қытайлық «Шанхай констракшн» компаниясының өкілдері өңір басшысына «Шымкент сити» қалашығының маңында салынатын тұрғын үй кешенінің жобасын таныстырды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші