Нұрлы жол - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Нұрлы жол

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданына Бiрiккен Танзания мемлекетiнiң делегациясы келді. Аудан әкімі М.Исаевтың қабылдауында болып, өңірдің жай-жапсарымен танысқан африкалық қонақтар мұнан кейін ауданда уран өндiретiн «Uranium one» компаниясының жұмыс орнына бас сұқты.

Бәйдiбек ауданының ауылдарына табиғи газ құбыры былтыр тартыла бастаған. Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы қарсаңында аудан орталығы Шаян ауылына газ келiп отыр. Бұл жайында «Тәуелсiздiктiң жиырма бесiншi алтын күзi» атты аудандық ауқымды iс-шарада ресми түрде хабарланды. Естiген ел қуанышын жасыра алмады.

Шымкентте жас суретшілердің көрмесі өтті. Қылқалам өнеріне жаңадан қадам басқан жас дарындардың туындылары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

«Максимум» АИО ашылғалы бері Түркістан қаласы бойынша жалпы сомасы 2,9 млрд. теңгені құрайтын 1038 жобаны қаржыландырған. Оның ішінде 1,6 млрд. теңгені құрайтын 1018 жоба «Ырыс» микроқаржы ұйымына тиеслі. Әсіресе, биыл кәсіпкерлер белсенді. Өйткені, аталған қаржы орталықтары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай азаматтар үшін бірқатар жеңілдіктер қарастыруда.

Бүгін «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан Иппотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның өкілдері Түркістан қаласындағы «Отырар» атты жаңа ықшам ауданнан бой көтеріп жатқан тоғыз қабатты екі үйдің құрылыс жұмыстарымен таныстыру мақсатында шара ұйымдастырды.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Шымкентте ірі халықаралық форум өтпек. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Жүйріктаев хабарлады. Оның айтуынша, 6-7 қазан күні Шымкент қаласында өтетін «Ontustik Tourism-2016» халықаралық туристік форумына 250 шетелдік және қазақстандық қонақтар келмек.

Биыл жыл соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында елімізде жалпы ұзындығы 920 шақырымды құрайтын жол бөлігінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бүгін үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтқандай, биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикада 43 білім беру нысаны пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 10 нысан іске қосылады.

Келесі жылы Маңғыстау облысында кез-келген жергілікті тұрғынға тегін кәсіби және техникалық білім алуға мүмкіндік беріледі. 9-шы және 11-шы сыныптарды бітіріп, ешқандай мамандық алмаған оқушылар колледждердің базасында кәсіби білімді сц тегін ала алады. Бұл жайында Маңғыстау облыстық білім басқармасының өкілдері мәлімдеп отыр.

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Ақтау қаласының 32 «а» шағын ауданында орналасқан жаңа 120 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстады деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Страница 111 из 120

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші