Нұрлы жол - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Нұрлы жол

Ауасы таза, суы шипалы, дәруменге мол жеміс-жидекке бай Текелі демалыс аймағы оқушыларды қабылдай бастады. Таулы аймақ балалардың демалысына таптырмайтын орын екені белгілі. Моноқалада алыс-жақын шетелден келетін туристерге де жағдай жасалған.

Алматы облысындағы «Көктал Агро» ЖШС-де тамшылап суғару технологиясын қолданудың нәтижесінде өнімділік көрсеткішін 3 есеге, ал суды үнемдеуді 6-7 есеге арттыруға мүмкіндік туындады.

Талдықорған қаласының солтүстік-шығысында 17 гектар аумақта тәлімбақ өсіру ісі қолға алынып, қазір мұнда көк шалғын шөп, жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың және басқа да жасыл жекектің түр-түрі өсіріле бастаған. Құрылғанына бір жыл енді ғана болған «Көркем-Талдықорған» тәлімбағы болашақта өндірістік жылыжай салынып, тамшылатып суару технологиясы да енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың облыс орталығының нысандарын аралауы барысында айтылды.

Талдықорған қаласын аралау барысында облыс әкімі Амандық Баталов қалаішілік газдандыру ісіне қарқын қосуды тапсырып, бұл аса маңызды жобаның жүзеге асырылуын тікелей қадағалап отыратынын айтты.

Бүгін Алматыда қалалық әкімдіктің ішкі саясат басқармасы, «Жас Отан» жастар қанатының Алматы қалалық филиалы мен Қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – рухани жаңғырудың қайнар көзі» тақырыбында конференция өтті. Шараға қоғам қайраткерлерінен бастап, тарихшылар, ғалымдар мен сарапшы мамандар, студенттер қатысты.

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15-қадамында бес интитутционалдық реформаларды тиімді жүзеге асыру мақсатында қазіргі таңдағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестатциялаудан өткізу керектігі тоқталды. Мемқызметшілерді кешенді тестілеудің басты мақсаты − мамандардың кәсіби дайындығы мен білім мен біліктілігінің өз лауазымына сәйкестігін анықтау болып табылады.

«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы нәтижесінде Алматы қаласындағы жолдардың сапасы айтарлықтай жақсарып келеді. Бұл туралы қалалық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері мәлімдеп отыр. Мәселен, биыл Алматыда 250 мың шаршы метр жол сапалы жөнделіп, 97 мың шаршы метр тротуарлар мен 130 бекет алаңдары қайта жасалады және жаңартылады.

Алматы жастар саясаты басқармасы жастардың инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында 2016 жылы «Zhastar Innovation» жобасын қолға алған болатын. Инновациялық әлеуетті арттыру мен тың идеяларды жүзеге асыруға көмектесетін бұл бастама биыл да жалғасын тапты. Жыл өткен сайын жобаға қызығушылықтың артуына қарай отырып, жастардың инновациялық бағыттағы белсенділігін байқауға болады.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еңбек нарығын модернизациялау мәселесіне баса көңіл бөлді. Осыған сәйкес, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары мегаполистің жұмыссыздықпен күресі жайлы айтып берді.

Сауда орталықтарына модернизация жүргізу – заман талабы. Заманауи ғимаратта орналасқан сауда нүктелері сатушыға да, сатып алушыға да жайлы болмақ. Бұл істі Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы қызметкерлері де қолға алғанына бірнеше жыл болды. Жалпы Алматы қаласында 46 сауда орталығы бар. Модернизациялау жұмысы толығымен 2022 жылы аяқталуы тиіс.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші