Оқиға

Оқиға

Оқиға

nur.kz

МАҚСҰТ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕН ҮМІТТІ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы департамент директоры Мақсұт Бақтыбаев кеше сот залынан босап шықты. Прокурор 6 жыл сұрап, сот 3 жыл шартты түрде жаза кескен экс-шенеунік жазадан құтылғанына дән риза. Оның жазадан құтылғанын асыға күткен ағайын-туыс, жора-жолдастары да сот шешімін есіткен сәтте ду қол шапалақтап кетті.

news.mail.ru

ОН ЖЕТІ ЖЫЛДАН СОҢ ОРАЛҒАН ҚАШҚЫН

Осыдан 17 жыл бұрын түрмеден қашып кеткен ер адам өз еркімен Екібастұз полициясына қайта келген. ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, қашқын қылмыскер оның алдында 6 жыл жазасын өтеп үлгерген екен. Сонымен есептей қарасаңыз, еліміз Тәуелсіздік алған жылдары түрмеге қамалған сияқты.

news.gazeta.kz

ӨЗ БАЛАСЫНАН ЖЕРІТКЕН ҚАНДАЙ АҒЫМ?

Текелідегі туған баласынан жеріген ананың қатыгездігі ғаламторды шарлап жүр. Оқиғаның барысы мынау: анасы айдың-күннің аманында өз баласын үйінен қуып, көшеге қаңғытып жіберген. Ал, оған себеп – баланың шешесі «Благодать» христиан шіркеуіне мінәжат етушілердің қатарына кіріп кеткен екен.

ЖОЛҒА ТАЛАСАТЫНДАР АЖАЛ ҚҰША БАСТАДЫ

«Жолға таласты...» дегенді нағашының жолы, ағаның жолы деген сияқты ата қазақтың жолы екен деп шатасудың қажеті жоқ. Бұл жерде сөз тура мағынасында қолданылып тұр. Бүгінде белі ауырмай мәшине мінетіндер Құдайдың кәдімгі қара жолына таласатын болған. Сабаздар көшеде бір-біріне жол бермейді. Әрқайсысының өзінікі өзіне дұрыс. Боқтаса кетеді. Қала берді жағаласады. Әйтпесе жігіттерін шақырысады. Содан «разборка» басталады. Қаны қызулар сол жерде-ақ шешім қабылдайды.

nur.kz

АТЫРАУЛЫҚТАР АЗАМАТТЫҚ ЖАСАДЫ

Қайсыбір күндері Алматыда, онан қалды Петропавл мен Оралда Ресейдің, келмеске кеткен КСРО-ның қызыл туын желбіретіп жүргендер туралы жарыса жазған едік. Көліктерін қызыл және қызыл-көк ала түсті шүберектермен көмкергендер аталған қалалардың көшелерімен шерулетіп өткен-ді.

obozrevatel.com

«ОБАМА БОЛСАҢ ӨЗІҢЕ!»

Мінезді ерлердің емес, жүрегінің түгі, табанының бүрі жоқтардың төрге шыққан заманы. Мына қоғамда өзіне тән мінезі барлардың жетім лақтай құны жоқ. Қайта жағдайы үшін қысқа күнде қырық құбылатындар қадірлі. Оларды мына ел қашаннан ақылдылардың санатына қосады. Ақкөт торғай ақылды торғай атанған күн...

baq.kz

ҮРІМШІДЕГІ ҮРКІНШІЛІК

Бүгінгі таңда қалың жұртшылық бүкілдүниежүзілік картадағы ең ыстық нүкте ретінде Украинаны таниды. Алайда, Қытайдың батыс өлкесі – Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданындағы жағдайды Сириядағы, Украинадағы аласапыраннан кем соғады деп ешкім де айта алмас. Үрімші бүгінде сөздің тура мағынасындағы үркіншілікті бастан кешіріп отыр.

«ҚАРАЖАНБАСТА» БАЛЫҚ ҚЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Ақтау қаласынан шамамен 213-214 шақырым қашықтықтағы Қаражанбас мұнай кенішінің маңынан үлкен көлемде балықтардың жаппай қырылу дерегі тіркеліп отыр. Каспий теңізінің жағалауында орын алған оқиға жайлы «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі хабарлап отыр.

ӨТІРІК ЗАУЫТ ОПА БЕРМЕДІ

Ақтау қалалық соты «Caspiy Еlectronics» ЖШС директорының орынбасарына алаяқтық қылмысы үшін алты жылға бас бостандығынан айырып, мүліктерін тәркілеу туралы жаза тағайындады. Айта кетейік, әңгіме Ақтаудағы планшет шығаратын зауытта орын алған қылмысқа байланысты болып отыр.

yujanka.kz

ЖЕЛ ТҰРМАСА... ӘКІМДЕР ҚИМЫЛДАМАЙДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының, нақтырағы Шымкент қаласының бір-ақ күнде астан-кестеңі шықты. Астан-кестеңі шыққанда ешқандай да жау шапқан жоқ, соңғы отыз жылда тұрмаған жел бір күнде тұрып, қалың елді әбігерге салып қойды. Құлаған ағаш та, үзілген электр желілері де, желмен ұшқан шатырлар да, құлаған талдың астында қалып жаншылған көліктер де қалпына келер-ау, ең өкініштісі адам өлімі орын алды.

nur.kz

ШЫМКЕНТТІ ЖАЙМАШУАҚ ДЕП КІМ АЙТТЫ?

Республиканың өзге өңірінің тұрғындары Оңтүстік Қазақстан облысын ауа райы ең қолайлы аймақ деп есептейді. Көктемі көңілдің хошы, жазы жайдары, күзі жомарт, қысы жайлы делінетін Шымкентті бір көруді армандап жүргендер қаншама?! Бір сөзбен айтқанда, қалың көпшіліктің пікірінше Шымкент ең жаймашуақ өлке.

elarna.com

ҚЫТАЙЛАР ҚАЗАҚТАРДЫ ҚУДАЛАУҒА ШЫНДАП КІРІСТІ

Осыдан бірер күн бұрын сайтымызда Қытайдағы қытай жұмысшыларынан жәбір көрген қазақ отбасылары туралы «Таяқ жеген – «террорист», қаптап ұрған – қаһарман ба?» деген тақырыппен арнайы мақаламызды жариялаған болатынбыз. Жұрт назарын еріксіз аударған бұл тосын оқиға Қытай тарапынан әлі шешімін таппаған сыңайлы. Тіпті, қытайлар қазақтардан кешірім сұрағанның орнына, керісінше қазақтардың тағы да осындай бассыздықпен жерін тартып алып, «өздерін өлтіріңдер» деп «ұрандап» жатқан көрінеді. Бүгін тағы бір «сұмдық» ақпаратты көзіміз шалып қалды. Жағамызды ұстадық...

bnews.kz

ЖАҢАӨЗЕНДЕ ЗАМАНАУИ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында өртке қарсы депоның ашылу салтанаты өтті. Облыс басшысы Алик Айдарбаев пен Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы генерал-майор Серік Әубәкіров қатысқан шарада заманауи жабдықтармен жарақталған депоның таныстырылымы өтті.

МАҢҒЫСТАУДА ОТАНДЫҚ ТЕПЛОВОЗДАР ҚАТЫНАЙДЫ

Заманауи үлгідегі бұл тепловоздар – «Қазақстан Темір жолы» АҚ мен ағылшынның «JI» компаниясының бірлесіп жасаған отандық өнімі. Басқа локомотивтермен салыстырғанда «Эволюшен» жанармайды 17 пайызға үнемдейді. Әрі қолайлы және қауіпсіз. Бейнеу айналым депосына осындай су жаңа төрт тепловоз жеткізілді. Заманауи үлгіде жасалған отандық өнім «Бейнеу – Мақат» бағытында қатынайтын болады.

caepco.kz

ЭНЕРГОКЕШЕННІҢ ЖЫРЫ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕГЕ ДЕЙІН КЕТІП ТҰР

Елордамыздың ірі энергокешені ресейліктердің қолына өтіп кетуі мүмкін. Мәселенің өзегі сол, бұл жәй экономикалық ақша айналымы емес, арысы ұлттық мүддемізге қайшы келіп отыр екен. Аты-жөнін жарияламауды өтінген белгісіз кейіпкер «Newtimes.kz» ақпарат агенттігіне мән-жайды түгел айтып беріпті. Мәселенің мәнісіне үңілуді біз де жөн көрдік.

krsk.sibnovosti.ru

ҰШАҚ ДӨҢГЕЛЕГІНЕ ЖАБЫСЫП ҰШҚАН ЖІГІТ

Бұрындары «атқа сүйретіліп, аман қалыпты» деп естуші едік. Енді, ұшақтың доңғалығына жабысып, әуеде қалықтап, аман қалыпты дегенді еститін болдық. Сенер-сенбесіңізді білмейсіз.

newtimes.kz

«САМСУНГТАН» САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

Естімеген елде көп. О заман да бұ заман, телефонның жарылғышқа айналарын кім білген?! Телефонды бомба жару үшін басқару құралы ретінде пайдаланатындарды кинодан талай көрді. Ал, телефонның өзі сол «бомбаға» айналарын көріп отырғанымыз осы... кинода емес, кәдімгідей Астанада болған жағдай. Бұл туралы «Newtimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлап отыр. 

tengrinews.kz

БРАКОНЬЕРЛЕРДЕН ҮШ МЫҢ БЕКІРЕ ТӘРКІЛЕНГЕН

Каспий теңізінде бекіре аулаушы браконьерлер легі толастамай отыр. Жуырда ғана шекарашылар қырағылығының арқасында браконьерлерден жүзден аса бекіре балығы тәркіленіп отыр. Үш мың метрден асатын балық аулау ауы бар браконьерлердің осылайша жолы кесілді.

kapital.kz

ҚЫЗЫЛОРДАДА САРБАЗДАР УЛАНДЫ

Қызылорда қаласында орналасқан 5547 әскери бөлімнен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген сарбаздардың саны 52-ге жетті. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімшілігі және ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші