Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


27.04.2019, 16:33

Қазығұртта қазақтың үш биіне ескерткіш қойылды

Нұх пайғамбардың кемесі қалған киелі Қазығұрт мекенінде қазақтың Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріне арналған еңселі ескерткіш бой көтерді. Бұл aigak.kz хабарлады.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Түркістан  облысы әкімі Ө.Шөкеев пен мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Парламенті мәжілісінің депутаттары мен  аудан тұрғындары қатысты. Қара қылды қақ жарған, әділ шешімдерімен алты алаштың ардақтыларына арналған ескерткішті облыс әкімі Ө.Шөкеев Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов пен ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов салтанатты түрде ашты. 

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов  еңселі ескерткіштің ашылуымен құттықтап, XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында Ұлы дала медиаторы атанып, аңызға айналған атақты үш би – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер туралы сөз қозғады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында бой көтерген тұғырлы ескерткіш тоғыз жолдың торабында орналасқан. Ұлы дала тарихында үш жүздің басын қосқан  алып тұлғалы билердің алар орны ерекше.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.