Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


30.04.2019, 10:22

Алматыда «Аруақ» көркем фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда MEGA Alma-Ata СОО Chaplin Cinemas кинотеатрының ашылуы аясында «Аруақ» көркем фильмінің тұсаукесері өтті, деп жазады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. 

Фильмде басты ролді қазақ киносының мэтрі Асанәлі Әшімов сомдайды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген картинаның режиссері – Қуат Ахметов.

«Идея авторы Асанәлі Әшімов. 2014 жыл. Елден шалғай тұратын қарт туралы фильм түсіруді ұсынды. Асанәлі ағаның ойы бойынша қария – дала философы, түрлі ғылымға қызығатын адам», – деді Қуат Ахметов.

Картина екі кейіпкердің – Ағатай қарт пен жетім баланың кездейсоқ ұшырасуы туралы баяндайды. Фильм 2018 жылы өндіріске жіберіліп, былтыр көктемде аяқталған. Түсірілімдер Алматы облысында, Іле өзені жағалауында өткен. Фильмнің сценарийін түркі елдерінің ертегілері мен аңыз-әңгімелері желісі бойынша Қуат Ахметов пен Одильша Агишев жазып шыққан. 

«Аруақ» фильмінің баспасөзге арналған көрсетілімі мен тұсаукесері кинотеатрымыздың ашылу күніне орайластырылуы, біздің «Қазақфильм» киностудиясымен қатынасымыздың алғашқы қадамы деп білемін. Біз отандық кино өндіруші компаниямен ұзақ мерзімді серіктестікте жұмыс жасауды жоспарлап, оның фильмдерін көрерменге жеткізуде бәрін жасаймыз», – деді Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко.

«Аруақ» фильмі жайлы: Ағатай есімді қарттың ешкімі жоқ. Сүйген жары қайтыс болған. Араларында балалары болмаған. Ағайын-туысқандары да қалмаған. Фильмге өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздеген қарт кісінің өмірі арқау болған. Әйтсе де данагөй, пәлсапашының жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігіп, оның бастапқы жоспарын бұзып кетеді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.