Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


03.07.2017, 16:24

МұзАРТ тобының әншілері қатерлі ісікке шалдыққан балалардың көңілін сұрап қайтты

«Мұзарт» тобының мүшелері Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбілов «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» онкология дертіне шалдыққан балалармен жүздесіп, еркін сұхбаттасып кермет көңіл күй сыйлап қайтты деп жазады Астана әкімдігінің медиа-орталығы.

Сұхбат барысында Сәкен Майғазиев: «Біз сіздерді жұбатуға сондай-ақ көңілдеріңізді көтеріп, қуаныш сыйлауға келдік. Жаратушымыз сынақты көтере алатын жандарға береді, сондықтан көңілдеріңізді түсірмей, тек жақсы ойлаңыздар», - деп оймен бөлісті.

Орталықта емделіп жатқан бүлдіршіндер арасында өнерге құмар балалар да кездесті. Келген қонақтарға әндерін айтып, би биледі. Қуанышқа толы өткен отырыстан соң, топ мүшелері барша ықылас білдірген жандармен фотоға түсіп, өз қолтаңбаларын қалдырды. 

Айта кетейік, бүгін 3 шілде күні сағат 16:00 және 19:00-де «ЭКСПО-2017»  Халықаралық көрмесі аясында және қала күніне арнап «Музарт» тобы екі мерекелік концерт өткізеді. Іс-шара «Қазақстан» ОКЗ-да болады.

Концерт жан дауыста «Музарт» ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді. Сонымен қатар, кешке «Музарт LIVE» мегажобасының жеңімпаздары, «МузАРТ» тобының ізбасарлары қатысады. Концертте «Музарт» тобының ел аузында жүрген хит әндері мен халықтың сүйіспеншілігіне айналған шығармалары орындалады. Аталмыш концертте бірнеше жаңа әннің тұсауы кесіледі. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.