$ 446.49  475.38  4.79

Қытайда Димаштың құрметіне ұшақ жасалатын болды

Қазақтың танымал әншісіДимаш Құдайбергеннің құрметіне қытайлықтар ұшақ жасап шығармақшы. Бұл туралы әншінің PR менеджері Алпамыс Шаримов мәлімдеді.

"TianDao компаниясы Eastern company-мен бірігіп, тапсырыспен ұшақ жасап шығармақшы. Бұл ұшақтар "Moonlight blade" онлайн-ойынына арналады", — деді А.Шаримов.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген қытайдың жекпе-жек өнеріне арналған "Moonlight Blade" ойынының саундтрек әнін орындаған болатын. Енді Димаштың суреті бейнеленген алғашқы ұшақ 22 тамызкүні Шанхайдан Пекинге ұшады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары