$ 449.58  486.94  4.86

Қазақ балалар әдебиетінің қоры жаңа шығармалармен толықты

Талдықорғанда «Жетісу балалар кітапханасы» Республикалық байқауы мәресіне жетті. Аты айтып тұрғандай, шығармашылық байқау балалар әдебиетін дамыту балалар әдебиетінің мәртебесін көтеру  және жас талантты ақын-жазушылар мен суретшілерді тану мақсатында ұйымдастырылған.  Байқауға төрт аталым бойынша өтінімдер қабылданған.

Тәуелсіздік күні қарсаңында байқау мәресіне жетіп, қорытынды жиын өтті. Салтанатты шарада әр аталым бойынша екі жеңімпаз марапатталды. Атап айтсақ, «Балаларға арналған үздік поэзия» номинациясы бойынша Әли Ысқабай мен Алтыншаш Жақиянова, «Балаларға арналған үздік ертегілер» номинациясы бойынша  Асхат Өмірбаев пен Раушан Құрманғалиева, «Балаларға арналған түрлі-түсті үздік иллюстрация» номинациясы бойынша Талғат Ашимов пен Нүсіпқан Қадырсұлтан, «Балаларға арналған үздік проза» номинациясы бойынша Есболат Айдабосынов пен Әлібек Файзуллаұлы арнайы марапатқа ие болды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен арнайы дипломдар табысталды. Үздік туындылар жеке-жеке кітап болып басылып, осы шарада лентасы қиылды.

Алмат облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Абдуалиев байқау туралы: «Балалар әдебиеті – ең ұлы әдебиет. Балалар әдебиетін насихаттау, толымсыз тұстарын бағамдау және оның кешегісі мен бүгінгісіне үңілу мақсатында осы байқауды ұйымдастырдық.   Өз кезегінде 49 автор шығармасын ұсынып, комиссия отырысында 47 автордың шығармасы қаралды. Балалар әдебиетінің жетіспеушілігін ескере отырып, республикада тұңғыш ұйымдастырылып отыр», - деп  бұл жоба алдағы жылдары да жалғасатынын айтты.

Шараға еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне  үлестерін қосып жүрген халық қалаулылары,  зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы облысында жергілікті және республикадағы ақын-жазушылардың шығармашылығына  қолдау көрсету сәтті  жалғасын табуда.  Жыл басынан бері, облыс әкімінің қолдауымен 41 автордың 25 мың дана кітабі жарыққа шыққан еді. «Жетісу балалар кітапханасы» байқауы да Елбасының бағдарламалық бағдарламасы аясында жүргізіліп, мәресіне жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары