12.01.2018, 13:43

Саят Медеуов: "Мен депутат болып сайланғанда неше түрлі әңгіме айтылды"

Өткен жылдың сәуір айында жұртшылыққа танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланған еді деп жазады QAZAQ RADIOSY.

9 айдан бері депутаттық қызметте жүрген әнші тындырымды істері туралы жария еткісі келмеді. Себебі, халықтың сынына қалғысы келмейтін көрінеді.

Сұхбат барысында Саят Медеуов депутаттық мансапқа лайық еместігін тілге тиек етті.

«Бұл менің орным емес, бірақ амалдың жоқтығынан жүрген жайым бар», – дейді әнші.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері өзі Қарасай ауданының тұрғыны. Сондықтан, әншіні ел ішіндегі өзекті мәселелерді білетін болғандықтан, осы орынға ұсынған екен.

Алайда, халықтың қаңқу сөзі Саяттың сағын сындырғандай.

«Мен сайланған кезде неше түрлі сөздер болды. "Ақшасы таусылған ғой. Халықты қанайын деген ғой. Халықты жейін деген ғой" - деген сияқты небір әңгімелер болды. Сол кезде мені тағайындаған Махаббат ағаға да хабарласып: «Аға, мені бекер ұсындыңыз ғой», дедім. Сонда ол, досымсың ғой, досым болсаң шыда деп, қысқа қайырды. Амал жоқ, енді шыдап жүрмін. Өзінің қиындықтары бар. Оңай дүние жоқ. Келе салып мынаны қопарып жіберемін деген, ағысқа қарсы жүзгенмен бірдей», – дейді депутат.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика