$ 444.32  473.33  4.76

Лақап аттарымен танылған өнер жұлдыздарының шын есімдері кім?

“Өнер жолы – ауыр жол” – деп жатады ел алдында жүрген отандық жұлдыздар. Сондықтан болар, сахнаға қадам баспас бұрын азан шақырып қойған есімдерін өзгертіп, құлаққа жағымды лақап ат таңдайды. Бірі еске сақталатындай қысөа болсын десе, кейбірі руының атын, енді бірі көз тимесін деген ниетпен осылай жасайтын көрінеді.

Мәселен, жуырда ғана кинопродюсер атанған Бүркіттің шын есімі Айбек болса, Аиша деп танылып жүрген өмірлік жарының шын есімі Виктория Андреева.

 

Арманның қалауы, “Қалаулымның” тұрақты жүргізушісі Аша Матайдың шын есімі –  Ақбота Асқарова. Аша әкесінің “Боташа” деп еркелеткенінен шықса, Матай өзінің руы.

 

Ел алдына Кентал деген есіммен танылған  Талғат Кенжебұлатов тегінің басы мен есімінің басын біріктіріп, лақап атты өзі ойлап тапқан екен.

 

Алғаш 2010 жылы көгіл экрандағы “Х-фактор” жобасынан көрінген Луинаның шын есімі – Луиза Кәрінбаева. Арада небәрі бір жыл өткен соң халыққа жеке орындаушы ретінде таныстырылды.

 

Өзіндік тыңдармандары бар Айжан Нұрмағамбетованың есімі мүлдем басқа екен. Құжатта Айтжан Нұрмағамбетова болып жазылған. Ал Айжан туған сіңлісінің аты. Халыққа ер баланың атымен танылғысы келмегендіктен осындай қадамға барған.

Дереккөз. Жұлдыздар әлемі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары