$ 448.15  483.46  4.86

Маxаббатыңмен күш бердің, жаным! Қайрат Нұртас алғаш рет келіншегі жайлы ағынан жарылды

10 жыл бойы келіншегін ел көзінен сақтап келген Қайрат Нұртас instagram-парақшасына Жұлдыз жайлы ағынан жарылып пост жазды. Күні бүгінге дейін сабыр сақтап, бала тәрбиесімен айналысқан сүйіктісіне алғысын айтты. Әлі күнге сүйетінін жеткізді.

«10 жыл! Біреуге көп, біреуге аз. Мен үшін 10 жыл қас-қағым сәтте өтіп кеткен сияқты көрінеді. Жұлдызыммен кеше ғана танысқандаймын. 10 жыл бұрын қалай ғашық болсам, әлі де солай. 10 жыл бұрын сенсіз өмірімді елестете алмасам, қазір сендерсіз өмір сүре алмаймын. Әрдайым жанымда шыдамдылығыңмен, ақылдылығыңмен, сабырлығыңмен, маxаббатыңмен күш бердің жаным. 10 жыл бұрын армандаған арманыма, жарыма берген уәдемді орындағаныма Аллаға шүкір. Бұл дүниедегі бар байлығым да, бақытым да отбасым. Жаратқан жәннәтқа бірге кіруді нәсіп етсін. Мен сені сүйем, Джули!», – деп тыңдармандарына бақыт тіледі әнші.

 Айта кетейік, Қайрат Нұртас дәл қазір жары Жұлдыз Әбдікәрімовамен Мальдив аралдарында демалып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары