$ 449.58  486.94  4.86

Күтіп жүрмін: Мақпал Исабекова әлі күнге тұрмысқа шықпай жүргенінің себебін айтты

34 жасқа толған Мақпал Исабекова тұрмысқа шығуға асығар емес. Ол сүйіктісін жолықтырмағанын, әлі күтіп жүргенін айтып берді деп деп мәлімдейді «НТК» арнасы.  

«SuperStar» жобасынан соң, әншіні Эрик Тастамбеков өз қарамағына алып, демеу көрсеткен болатын. Осыдан біраз уақыт бұрын Мақпалдың продюсері «екеуіміздің арамызда махаббат болды» деп мәлімдеген еді. Бірақ, Тастамбеков қазір Мақпалды жайына жіберген.

Ал «Асыл жарым», «Шын сүйемін» әндері хитке айналып үлгерген әнші сүйіктісін әлі жолықтырмағанын мәлімдеді.

«Қазір бара салып, кез келген адамға тұрмысқа шыға салмаймын ғой. Кішкене тоса тұрыңыздар. Мен де күтіп жүрмін ғой, сіздер де солай жасаңыздар», – деп сөзін әзілмен аяқтады әнші.

Дереккөз: NUR.KZ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары