23.02.2018, 11:07

Нұрлан Қоянбаев жұмыстан кеткенінің өзіне ауыр тигенін айтты

Белгілі КВН ойыншысы Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасынан неге кеткенін айтты деп жазады Tengrinews.kz.

"Бұл өз шешімім. Телевизияда үзіліс жасадым. 16 жыл істедім. Барлық жақта толыққанды штатта істедім. Көптеген бағдарлама мен сериал түсірдім. Сосын бір уақытта үзіліс алу керек екенін түсіндім. Қазір боспын. Әрине, бірден ұсыныстар түсіп жатыр. Бізде нарық шағын ғой. Ұсыныстар бар, бірақ әзірше қабылдауға асықпаймын. Телевизияда көп уақыт жұмыс істедім, әлденемен шұғылдансам, соңына дейін барамын. Сондықтан маған өте ауыр. Қазір шығармашылық демалыстамын", – деп мәлімдеді Нұрлан Қоянбаев.  

"Әрине, "Түнгі студия" бағдарламасының болашағына алаңдаймын, жобаны өзіміз бастаған едік. Бұл бүкіл әлемге белгілі late-night talk show форматы", – деді ол.

Сонымен қатар, Қоянбаев жобаның жаңа жетекшісіне сәттілік тіледі. 

"Жаңа продюсерге, жүргізушіге сәттілік тілеймін. Бастысы дұрыс түсінгені, себебі бұл әдеттегі әзіл бағдарлама емес. Мұнда өз ісіне берілген қонақтар келеді. Әрбір қонақты сезіну қажет. Әрбір бағдарлама алдында өз саласының үздіктері келерде қатты уайымдайтынмын", – деді жүргізуші.

Мұнымен қатар, Қоянбаев QAZAQSTAN арнасындағы "Сенбілік шоу" бағдарламасында да жүргізуші болған. 

"Онда менің кәсібімдегі адамдар, әріптестер, КВН ойыншылары келеді. Сондықтан бұл істе әзілсіз алысқа бара алмайсың. Мұнда әзілге жақын адамдар барады деп ойлаймын", – деді ол.

Сондай-ақ, ол шығармашылық жоспары жайлы айтты. 

"Жоба көп, шығармашылық компания бар. (...) Комедиялар түсіреміз. Осыған дейін түсіргеніміз – сынақ ретінде өтті. Киносүйер қауымға 2018 жылға жақсы жобалар дайындап жатырмыз. Бірақ мен телевизиядан кино үшін кеткен жоқпын. Телевизия – тікелей эфирдегі жұмыс сияқты. Отбасыммен ақылдаса келе, 5 қаңтарда кеткен болатынмын", – деді ол.

Еске салайық, Қоянбаевтың бағдарламадан кеткені жайлы ақпаратты QAZAQSTAN телерадиокорпорациясы басқармасының төрағасы Ерлан Қарин растаған еді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.