$ 448.89  477.93  4.76

Сәкен Майғазиев ауруханаға түсіп қалды

Бір-ақ күнде 3 бірдей концерт өткізіп, үлкен шоу жасаған әнші Сәкен Майғазиев ауруханадан бір-ақ шықты. Табиғи дауыста халықтың көңілінен шығуға тырысқан оның денсаулығы нашарлап кеткен. Тіпті, әнші Америка өтеді деп жоспарлаған кешін де кейінге қалдырып отыр.

«Қымбатты достар! Өздеріңіз білетіндей, 7 наурыз күні Сәкен Майғазиев ағамыздың алғашқы концерті жоғарғы деңгейде өтті. Бір күнде қатарынан 3 концерт беру қазақ саxнасында алғаш рет! Көп адамдар бұл жобамызды тың бастама деп таңқалып айтып жатты. Өйткені, шынымен де бұл тариxта болмаған оқиға. Бұл үшін үлкен күш пен жігер жұмсалды. 190-нан астам адам Сәкен аға үшін барын салды», – деп сөз бастаған деп бастады сөзін шоумен өзінің Instagram-парақшасында.

Әнші үшін үлкен шоу жасау оңайға соқпаған. Майғазиев сырқаттанып жүргеніне қарамастан тыңдармандары үшін барын салып өнер көрсетіпті.

«Сәкен ағамыз қазір ауруxанада емделіп жатыр. Не дегенмен ауырып тұрған тамақпен ән салған соң, зақым келген сияқты. Алматыдағы концерттен кейін Америкада концерт беру жоспарда болған. Сол жақтағы қандастарымыздың шақыртуымен баруымыз керек еді. Денсаулық жағдайына байланысты бұл жоспар кейінге қалып отыр. Халықтан кешірім сұраймыз», – деп Руслан Ысқақов Америкада өтетін концерттің де кейінге қалдырылғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, 7 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында әншінің концертіне барған жұрт оны сағаттап сыртта күтіп қалғанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары