$ 447.4  477.55  4.76

Мені қуып шыққысы келетіндер бар: Баян Есентаева неге туған тілінде сөйлемейтінін айтты

 

Белгігі продюсер Баян Мақсатқызы жұбайымен бақытты екенін жеткізіп, оның қандай күйеу екенін айтты.

«Той қарайым түрде өтті, ал күйеуім үнемі жанымда. Шымкентке келетін кезде, оған менімен баруын өтіндім, ол сөзімді тастамады. Жұмысының көп болғанына қарамастан, менімен баруға келісті. Бақыттымын», – деді Баян Алагөзова.

Екінші күйеуімен бақытқа кенелген продюсер қоғамда өзіне қатысты айтылып жүрген сындарға қатысты жауап берді.

«Мен туралы айтылған жағымсыз пікірлерге бас қатырмаймын. «Елімізді ұятқа қалдырды» деген сөздеріне де мән бермеймін. Бастысы елімді, отанымды жақсы көремін және оған зиянымды тигізіп жатқан жоқпын. Мен осыған дейін де айтқанмын, және тағы қайталаймын: маған қатысты айтылған пікірлерге бола жүйкемді жұқартпаймын», – деп жауап берді продюсер.

Сонымен қатар, Баян Алагөзова жәй ғана бақытты болғысы келген қарапайым әйел екенін айтты. Бірақ, ешқашан шымкенттік жігітке тұрмысқа шыққысы келмегенін жеткізді. Ол өзіне енді  той өткізбеймін деп, уәде берген екен. Баян Мақсатқызы Шымкент қаласында өткен «Сиситай» фильмінің тұсаукесерінде не себептен қазақша сөйлемейтінін түсіндірді.

«Мен ана тілімді білемін, тек маған орысша сөйлеген ыңғайлы. Себебі, мен оңтүстікте тәрбиеленген жоқпын. Дегенмен, елімнің патриотымын, егер сіз «елін сүймейді» деп ойласаңыз қателесесіз. Сіз білесіз бе, егер маған басқа елге баруды ұсынса, мен кетпес едім. Тек елден күштеп қуып шықпаса, мен туған жерімді тастамаймын. Бірақ мені қуып шыққысы келетіндер бар, мен оған сенімдімін», – деді Баян  Алагөзова.

Әңгімелесу барысында Баян өзінің жанкүйерлеріне қолтаңба берді, бірақ көзіндегі зақымға байланысты олармен бірге суретке түсуден бас тартты.

Дереккөз: Stan.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары