$ 448.15  483.46  4.86

Мұрат Қожа журналистерге жауап қайтарды

Осыдан үш күн бұрын әнші Мұрат Қожаның бәйбішесі «Qasaqstan» телеарнасындағы «Бақытты әйел» бағдарламасына сұхбат берген болатын. Ол әншімен бірге тұрған он жылында болған қызықты, әрі шыжықты күндерімен бөліскен болатын. Бұл Мұрат Қожаға ұнамаған болу керек. Айман Нұразханның әңгімесін бөліскен журналистерге әнші ашуланып, instagram-парақшасына жауап жазды.

«Бастаған екен, нүктені осы жерден қояйын! Кейбір журналист-сымақтарға экранның бетіне енді шыққан. Менің жеке өмірім – ол менің жеке өмірім. Рейтинг үшін жалған ақпараттың қажеті жоқ еді. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс бір Аллаға аян. Ақталмаймын. Бірақ, менің өмірімді ортаға салып, талқылауға рұқсат жоқ. Менің рұқсатымсыз мен туралы жазбаса екен. Және қоса кететін бір әнгіме, құрметті ағайын! Әсіресе, қыздар, келіншектер менімен бірге тұратын адам сияқты әнгіме жазудан аулақ болыңыздаршы. Біреуді кінәлап, жала жауып, көрмегенді көргендей әнгіме айтпаңыздар», – деп әнші өзінің ешкімге қиянат жасамағанын айтады.

Желі қолданушыларының кейбірі әншіге бірі бірінші әйелінің сөздері намысына тиген десе, енді бірі басқаларын жеке адамның өміріне араласпауға шақырды.               

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары