$ 449.3  489.69  4.89

Ымдайтын кездер болады: «Кешью» тобының бұрынғы әншісі өздеріне түсетін «сексуалды» ұсыныстар жайлы айтты

Өзінің көгілдір екенін мойындаған Кевин Спейсидің танымалдылығы одан сайын артып жатса, отандық шоу-бизнес өкілдері де батыл мәлімдеме жасауда. Актриса Айнұр Ілиясова «сексуалды» ұсыныстардың барлық жерде кездесетінін айтса, Әнел Арынова НТК арнасына берген сұхбатында  «Кешью» тобында жүргенде интимді ұсыныстар көп түскенін жайып салды.

«Бұл шоу-бизнес, бұл қыздардан құралған топ. Себебі біз сахнада адамның есін алардаймыз, неге бізді қаламасқа? Әдемі мүсінді, әдемі әйелді, әдемі би мен киімді көресің. Әрине басқа тараптардың да ұсыныстары болды. Оған таласым жоқ!», — деп ағынан жарылды ол.

Әнел өзіне қашан және қайда ұсыныстар жасалғанын ашып айтпады. Бірақ ол ашу тудырмас үшін жымиып қана бас тартқан.

Ал Айнұр Ілиясова болса бәрі адамның өзіне байланысты  дейді.

«Әрине қырындап, астармен ымдайтын кездер болады. Бұл кино мамандарында ғана емес, барлық жерде бар. Егер сен бұл нәрселерге жауап берсең, әрине, қарым-қатынас жалғасын табады. Егер жоқ десең, ешкім де мәжбүрлемейді», — деді Айнұр.

Дереккөз: 365info.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары