$ 449.3  489.69  4.89

Роза Әлқожа көрермендердің біріне сырғасын шешіп берді

Роза Әлқожа Атырауда өткен концертінде көрермендердің біріне құлағындағы cырғасын шешіп берді. Осы сәттегі видеоны әнші өзінің Instagram-парақшасына жүктеді.

Әнші қай концертінде болмасын көрермендеріне не орамал, не әшекей бұйым сыйлауды әдетке айналдырған. Тіпті, қолындағы жүзігіне дейін шешіп, сыйлап жіберген сәттері болған. Бар болғаны көрермен ортада билесе болғаны.

«Әдетте біз орамал, альбомдар алып жүруші едік. Бүгін ұйымдастырушылар ұмытып кетіпті. Алтынға біздің жолымыз жұғысты болсын», – дейді сахнада әнші.

Желі қолданушылар Роза Әлқожаның жомарттығына риза болып, оған шығармашылық табыс тілесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары