$ 448.56  478.03  4.79

Қайрат Нұртас: «Мен де әке болып, балаларыммен мақтанғым келеді»

Қайрат Нұртас жақында ғана Астана мен Алматыда ән кешін өткізіп, балаларын ел-жұртқа арнайы таныстырған болатын. Көпшілік әншінің үлкен қызынан бастап, кіші ұлына дейін шетінен өнерлі, өнегелі екенін көріп, қайран қалған.

Қайрат Нұртастың отбасын жақын танымай, кейбірі өсек те шығарып, әншіге күйе жаққан көрінеді. Енді сол жағылған күйелерден бір тазардым деген ол бүгінде бақытты әке болғанын көрсете білгеніне қуанатынын жасырмады.

«Алматы қаласындағы екі бірдей ән кешім өте сәтті аяқталды. Көптен бері бала-шағамды xалыққа таныстыру арманым еді. Мен де әке болып, балаларыммен мақтанғым келеді. 10 жыл бойы отбасымды жасыру маған оңай тиген жоқ. Қаншама ауыр сөздер естіп, негізсіз кінә тағылды. Осының барлығына нүкте қойылғанына ризамын», – деп жазды Қайрат Нұртас өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, 10 жыл бойы жұрт көзінен жасырған әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы әнші арнайы фильмге түсіріп, бір-ақ күнде танымал қылған болатын. Фильмнің аты «Когда ангелы спять» деп аталатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары