$ 445.66  474.58  4.78

Айгүл Иманбаева чех отбасымен құда болуы мүмкін

Белгілі актриса, әрі әнші Айгүл Иманбаеваның 20 жастағы жалғыз ұлы чех қызымен көңіл жарастырып жүр. Бұл жайында әнші «Түнгі студия» бағдарламасында айтты.

Айгүл ұлы Асылжанның кездесіп жүрген қызымен танысып та үлгеріпті. Бірақ ол жалғыз ұлдың өзге ұлттан қыз алуына қарсы екенін айтып отыр.

«Білмеймін. Кездесіп жүрген қызы бар, құрсын. Бірақ қазақ ал деп қоямыз енді. Әрине, таныстым да. Қазақ емес. Сондықтан бірден әкелме балам дедім. Қазақ әпереміз ғой», - деп жауап береді актриса жүргізушінің қойған сұрағына. 

Айгүлдің айтуынша, Чехия астанасы Прагада білім алып жатқан ұлының бойына қазақы тәрбие сіңіріп өсіріпті. Сол үшін де болашақта өзге ұлт өкілінің қызына үйленуі екіталай дейді. Айта кету керек, биыл Асылжанның Прагада оқып жүргеніне екі жыл болды.

Асылжан Айгүл Иманбаева мен оның бұрынғы күйеуі актер, әрі режиссер Сәбит Әбдіқалықовтың ұлы. Ол әкесінің жолын қуу мақсатында режиссерлық мамандықты таңдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары