$ 446.49  475.38  4.79

Санда күйеуімен ажырасып кеткенін айтты

Әнші Санда бұрын тұрмыста болғанын мойындады. Осыдан екі жыл бұрын жасырын күйеуге тиген ол ажырасып үлгеріпті. Әнші Instagram-парақшасындағы жазбаларының бірінде соңғы уақытта күйзелісте жүргенін айтқан болатын.

Парақшасында жанкүйерлеріне өзі туралы 6 мәлімет жасырған ол, артынша қайсысы өтірік, қайсысы шын екенін жазады. Соның ішінде Санда өзінің тұрмыста болғанын мойындап, артынша ажырасып кеткенін айтты. Үйлену тойы 2016 жылдың тамыз айында болыпты.

Продюсері Ерік Тастанбековпен келісімшартын бұзғалы бері Санда әншіліктен қол үзіп қалған. Қазір сахнаға шығып жүрген жоқ және сауық кештеріне де шақырылымайтын көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары