$ 448.15  483.46  4.86

Тұрсынбектің жұбайы артық қылам деп тыртық қылды

Мұндай да болады екен. Тұрсынбек Қабатовтың «Бақытты әйел» бағдарламасына қонаққа шақырылған әйелі қатты сынға ұшырады.

Бағдарламада Мөлдір Мұқанова күйеуімен бірге 1500 теңгенің шәйнегін кредитке алған күндерін еске алған екен. Сонымен қатар декреттік демалыс кезінде тыныш жата алмайтынын да айтып қалыпты.

«Әйелдердің көпшілігі декреттік демалысқа шыққанда «Мен баламен отырмын» деп ештеңемен айналыспайды ғой. Араларында арнайы күтуші жалдайтындары да бар. Бірақ мен керісінше, мұндайда үйде тыныш жата алмаймын.

Кіші үйді үлкенге ауыстырамын. Ұсақ болса да бизнес ашамын. Болмаса көлік аламын.

Әйтеуір тыпырлай беремін. Соның арқасында өзіміздің кәсібімізді ашып, елге пайдасын тигізетін жұмыс атқарып жатырмын деп айта аламын», — деді Қабатовтың жары.

Ал әлеуметтік желідегі жұртқа Мөлдірдің бұл сөзі ұнамай қалыпты. «Қабатов әйеліне қой де!». «Мөлдір ақшаның буы ұрыпты ғой»,

«Мөлдір елдің бәрі сендер сияқты шалқып жүрген жоқ. Халықтың жағдайын білесің бе өзі?».

«Көп мақтанбашы, Мөлдір», «Тұрсынбектің әйелін не үшін шақырдыңдар? Қандай еңбегі сіңді?» деп жарыса жазды олар.

Өз тарапымыздан айтқан әншілердің, шоу бизнестің айналасында жүргендердің байлығымен мақтанып жұртың көңіліне тиюі бірінші рет емес. Қазақ сахнасында жүрген талай жұлдыздар той өмірінен өзгені білмейді. Халықтың шынайы жағдайынан хабарсыз. Ендеше әншілердің шенеуніктерден қандай айырмашылығы бар?..

Айта кетсек, бұдан бұрын әлдебір ұстаз Тұрсынбек Қабатовты сынап тастаған еді.

«Найн туанды білесіңдер, тудың авторын білмейсіңдер, Тұрсынбек Қабатовты білесіңдер» дей келе,

"Әй, соларың бар ғой, надан ғой. Ана театрын «Базар жоқ» деп атапты, тарихты білмейді ғой өйткені, білсе сөйтер ме еді?.. Себебі,

қазақ тарихында ХІІ ғасырда Базар батыр, Базар жырау сынды тұлғалар болған. Қалай Базар жоқ дейсіз мұнан соң?

Міне, экстремист дейсіз бе, түрлі сектаның мүшелері дейсіз, осындай надан, тарихын білмейтіндерден туады" деп салған еді ол.

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары