$ 449.58  486.94  4.86

Карина Абдуллина 20 жастағы жігітпен кездесіп жүр

Танымал әнші Карина Абдуллина сұхбаттарында өзінен жасы кіші жігіттермен кездесуге қарсы емес екенін жиі айтатын. Сол бойынша NUR.KZ әншінің өмірінде болған ер азаматтардың тізімін жасап шықты.

Карина Абдуллина марқұм Болат Сыздықовты өзінің бірінші күйеуі болғанын айтып қалжыңдайтын. Шындығында олар жәй ғана жақсы достар еді. 1992 жылы Болат екеуі «Мюзикола» тобын құрған.

Карина алғаш рет 2004 жылы алматылық ұшқышқа күйеуге шыққан болатын. Үйлену тойына дейін олар төрт жыл кездесіп жүріпті. Алайда, көп ұзамай екеуі ажырасқан.

2007 жылы әнші өзінен бірнеше жас кіші Низам Мамедовпен көңіл жарастырады. Онымен дүкендердің бірінде танысып қалған. Бірақ бұл махаббаты да ұзаққа бармайды. Екеуі 2012 жылы айрылысып кетеді.

Ал, жалғыз ұлы Альберттің әкесімен Карина 4 жыл кездескен. Ол Мұнай-газ команиясында жұмыс істейді екен. Бірақ әншінің жүкті кезінде ер азамат баланың әкесі еместігін айтып, басын ала қашыпты. Мұның себебін Карина енесімен жақсы қарым-қатынаста бола алмағанымен түсіндіреді.

Өткен жылы Карина жанармай бекетінің бірінде жас жігітті кездестіріп қалады. Оған сол кезде-ақ ғашық болған. Бұл жайында ол әлеуметтік желіде жазып, көп ұзамай екеуінің бірге түскен суретімен бөліскен болатын.
Әншінің таныстарының айтуынша, Карина Абдуллинаның қазіргі сүйіктісі небәрі 20 жаста екен. Жігітімен бірге саяхаттаған суретін Карина өз парақшасында бөлісіп те жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары