$ 446.49  475.38  4.79

Өзбек әншісі Севара Star of Asia фестивалінде ән шырқайды

Дәстүрге айналған Star of Asia ән фестивалінде Өзбекстанның танымал әншісі Севара Назарханның ән шырқайтын болды. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Еске салсақ, биыл Star of Asia Almaty.kz 16 - 17 маусымда «Медеу» биік мұз айдынында өтеді. Билеттерді  starofasia.kz, kassir.kz и zakazbiletov.kz сайттарынан және қала кассаларына алуға болады.

Ұйымдастырушылар фестивальдің  уақытша архитектураның, дизайн мен жаңа медианың арқасында «Медеу» кеңістігімен үндестік табатынына сенімді. Бұлардан өзге, әдемілікке, ауқымдылыққа, кәсібилікке  ерекше назар аударылады.

Сахнаға биыл жаңа орындаушылар мен музыка мэтрлері де шығады. Қазақ эстрада жұлдыздарымен қатар көрермендерге  Оңтүстік Кореядан, АҚШ-тан, Жапониядан, Әзірбайжаннан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген әншілер де өнер көрсетеді.

Instagram және Facebook парақшаларынан ойындар,қатысушылар, басты жүлде – автомобиль туралы ақпараттарды білуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары