$ 443.85  474.3  4.8

Star of Asia таланттарды іздейді!

Егер сіз камера объективін дұрыс пайдаланып, әсем кадр түсіре алсаңыз, әрі бұл сіздің сүйікті ісіңіз болса, онда өзіңіздің шығармашылық мүмкіндігіңізді жыл сайын өтетін халықаралық Star of Asia Almaty.kz! музыка фестивалінде көрсете аласыз.

Фестиваль аясында «Star of Asia Almaty.kz қызыл кілеміндегі үздік фото» фотоконкурсы өтеді.

Бұл фотоға түсірумен айналысатын әрбір жан үшін үлкен мүмкіндік, оған қатысып, Star of Asia Almaty.kz. фестивалінің сеніміне және бағалы сыйлығына ие бола  алады.

Конкурсқа қатысу үшін портфолиомен (3-5 үздік фотосурет) қоса өтінішті және Аты-жөні, есімі мен туған жылын жазып: starofasiaalmaty@gmail.com электронды поштаға жіберу қажет.

Star of Asia Almaty.kz әр фотографына мындай жеңілдіктер беріледі:

  • Фестивальдің ресми  фотографы мәртебесі;
  • Фестивальде жұмыс істеу аккредитациясы;
  • фан-аймаққа екі билет;
  • ұйымдастырушылардың сайты мен әлеуметтік желілерде оның фотосуреттері жарияланса фотографты аты көрсетіледі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары