$ 447.4  477.55  4.76

Жанар Дұғалова «Ninety One» тобымен бірлесіп ән жазғысы келетінін айтты

Танымал әнші Жанар Дұғалова «Ninety One» тобымен бірлесіп ән жаздырғысы келеді. Өйткені, бұл топтың жігіттерінің өнерін бағалайды екен. Бұл жайында әнші «НТК» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Егер продюсері Ерболат Беделхан келісімін беріп жатса, әрине Ninety One тобының жігіттерімен қуана-қуана бірге ән жазатын едім. Біздің жас айырмашылығымыз бар. Бірақ шығармашылық жұмыс жас талғамайды деп ойлаймын. Бұл жігіттер өзіме ұнайды. Өйткені әндерінде мағына бар», - дейді әнші.

Жанар Дұғалова Ninety One тобының әндерін тыңдайтынын да жасырмады. Өзінің айтуынша, эстрадада Q-pop орындаушыларынан осы жігіттерді ғана біледі екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары