$ 449.58  486.94  4.86

Эмоциямды жасыра алмай, Асекеңе алғыс айтқым келді – Бағдат Әшімова

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асанәлі Әшімовтың жары Бағдат ханым әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен видеоға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, қуанышын жақындарымен бөліскен ол, сол сәтте эмоциясын жасыра алмай қалған екен.

Бұл жайында өзінің Instagram-парақшасында жазған Бағдат Әшімова көпшіліктен осыған қатысты ауыр сөз айтпауларын өтінді. Өйткені, Асанәлі ағамыздың денсаулығына алаңдайды екен.

«Отбасылық достарға, туыстарға, қуанышымды жасыра алмай Канн кинофестивалі кезіндегі жіберген видеомды осындай талқыға түседі деп ойламаппын. «Ораза кезінде бұнысы несі?» деп қаншама ауыр сөз жазып жатқандарға айтарым. Асекең өнер адамы, көңіл-күйдің, эмоцияның адамы. Басынан қанша тағдыр өтті. Өмірді қалай сүруді, өмірдің мәнін, обал-сауап бәрін білетін адам, халқына қадірлі адам» деп жазады парақшасына Бағдат ханым.

Ары қарай, Франция еліне барып, қызыл кілемнің үстімен жүріп қайтқанын айтқан. Сол бақытты сәттің әсерінен эмоцияға беріліп, аузынан шыққан сөзді аңғармай да қалғанын мойындайды.

Еске салсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асанәлі Әшімов пен әйелі Бағдат ханым екеуінің Канн қаласында демалып, виски ішіп отырған видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Артынша, қызу талқыға түсіп, Бағдат Әшімованы жұрт сынап тастаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары