$ 449.58  486.94  4.86

Бүгін – Димаштың туған күні құрметіне халыққа әншінің жаңа бейнебаяны жол тартты (ВИДЕО)

Бүгін – 24 мамыр Димаш Құдайбергеннің туған күні. 24 жасты толтырған әнші жаңа туындысын өзі үшін маңызды күнге орайластырып шығарса керек.

Қуанышты хабарды ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына осыдан екі  күн бұрын жазған еді.

«Əннің композиторы Muhgal осы күнге дейін Rihanna, Usher, Cherul Fermandes – Versini, Shakira, Ne-Yo, Avisi сынды əншілерге əндер жазған. Сонымен, жақында ғана жарық көрген «Screaming» деген əнімнің бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттемін», – деген еді әнші.

Әншінің жаңа туындысын айналдырған 10 сағат ішінде 10 мыңға жуық адам көріп үлгерген. Тыңдармандары болса, Димашты құттықтап, клипті ұнатқанын жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары