$ 444.22  476.38  4.82

«Renzo» тобындағы әнші жігітті пышақтап кетті

Белгілі продюсер Алуа Қонарованың «Renzo» тобындағы әнші жігітті белгісіз біреулер пышақтап кеткен. Бұл жайында продюсер GakkuNews бағдарламасында айтты.

Алуаның сөзінше, топ мүшесі Есеттің өміріне қастандық жасалған. Қасгөйлер оның жүрегінің айналасына екі рет пышақ сұғыпты.

«Қазіргі таңда топтағы жігіттердің біріне әлі де билеуге болмайды. Ауыр көтеруге, қатты қозғалуға тыйым салынған. Өйткені оның өміріне қауіпті. Жүрегінің айналасына екі рет пышақ сұққан. Бір литр қан жоғалтқан. Көшеде жалғыз қалған ол үйге әрең жетіпті. Содан есінен танып қалған. Жедел-жәрдемді есін жинағанда ғана шақырған», - дейді Алуа Қонарова.

Ауыр халдегі Есеттің аман қалуына дәрігерлер де күмән келтірген екен. Сәтін салғанда, өлімнен арашалап алыпты. Осы жағдайды қорқынышпен баяндаған Алуа Қонарова Есетке қастандық жасалған деп отыр. Дегенмен, полицияға арыз жазбаған. Себебі, әнші қарсылық білдіріп, болған жағдайды бір адамның білгенін қаламапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары