$ 448.15  483.46  4.86

Нұрлан Өнербаевтың ұлы Дубайда өткен халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Қазақтың қоңыр үнді танымал әншісі Нұрлан Өнербаевтың ұлы Дубайда өткен халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды. Бұл қуанышымен ағамыз өзінің Facebook-парақашасында бөлісті.

«Көктемнің алғашқы күнінде, Астананың төрінде өткен "Жүректегі көктем" атты концертімде өнер көрсеткен ұлым Марғұланым сіздердің алдарыңыздан өтіп, "Халықаралық байқауға аттанып барады" деп едім. Енді міне, бірінші Алланың қолдауы болар, екінші сіздердің баталарыңыз болар. Ұлым Марғұлан сол Дубайда өткен халықаралық конкурста бас жүлде Гран-приді жеңіп алды. Кеудемді толтырған қуанышымда шек жоқ», – деп жазды Нұрлан Өнербаев.

Әншінің Марғұлан есімді ұлы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында білім алады. Ол – кәсіби музыкант. Бірнеше музыкалық шығарманың орындаушысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары