$ 449.58  486.94  4.86

Жас жігітке көзі түсті ме? Ақбота ақ көйлегін Шахизадаға сыйламақшы

Ақбота бұған дейін үйлену тойы жайлы ашық айтуға дайын емес еді. Десе де, соңғы кездері әнші тойдағы қызықтарды жиі еске алып, әңгіме қып жүр.  

Керімбекованың тойы өтіп жатқан сәтте Шахизада сіңлісінің ақ көйлегіне қатты қызығыпты-мыс.

«Былтыр мен өзімнің үйлену тойымда әпкем «Мына көйлекті мен киемін» деп айтқан болатын. Ол көйлек үйде тұр. Ниет қып сұрап жатса, беруге дайынмын әрқашан. Шахизада әпкем күтіп отыр. Енді әр адам бақытқа лайықты ғой. Әкем де жартысын тауып, бақытты болса екен деп тілеймін», – дейді Керімбекова «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында.

Шахизаданың неге дәл Ақботаның көйлегін таңдағаны белгісіз. Оның да көзі күйеу баласындай жас жігіттерде жүрген болар бәлкім. Кім білсін?

«Ақбота, тұрмысқа шығатын болсам көйлегіңді бересің маған» дедім. Ол да «Болды, әпке» деді. Ол енді ырым ғой. Киемін міндетті түрде.

Ал Ақботаның әпкесіне сыйлайтын көйлегі қаншалықты жұғысты болар екен. Оны уақыт көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары