$ 446.49  475.38  4.79

Сәкен Майғазиветің үшінші қызы дүниеге келді

«Музарт» тобының мүшесі, халықтың сүйікті әншісі Сәкен Майғазиевтің әйелі үшінші қызын дүниеге әкелді. Бұл қуанышты жаңалықпен топ мүшесі Кенжебек Жанәбілов өз Instagram-парақшасында бөлісті.

«Сәкен ағаның үйіндегі жеңешем Алланың қалауымен дүниеге қыз әкелді. Қызығын көріңіздер», – деп құттықтап жазды ол.

Сәкен Майғазиевтің үшінші қызының дүниеге келуімен желі қолданушылары да құтыттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетсек, әншінің Әділет есімді үлкен ұлы және Райана, Мәриәм деген қыздары бар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары