$ 447.4  477.55  4.76

«Анам бір күні келеді»: Луина бірнеше жыл бұрын тастап кеткен анасын әлі күтіп жүр

Отандық әнші Луина 5 жасында тастап кеткен анасын әлі де күтіп жүр. Бұл туралы  «Гәкку» телеарнасындағы «Если честно» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Әншінің айтуынша, бала кезінде көп қиыншылықтарды басынан кешірген. Анасыз өскен оның көп дүниелермен күресуіне тура келіпті.

«Анам жайында әлі ешқандай хабар жоқ. Жалғыз ағам қатты уайымдайды. Ал мен қатты ойламауға тырысамын. Өзімді ұстаймын. Бір жағынан ағам ол кезде 9 жаста еді, есін білетін. Мен 5-те болдым. Бала кезімде көп стресс алдым. Әлі күнге дейін жаным ауырады. Бірнеше жылдан бері өз-өзіммен күресіп келемін. Сондай-ақ, анамның тірі екенін де сеземін. Егер қайтыс болып кеткен болса, түсіме кіретін еді», – дейді Луина.

Айта кетсек, әнші анасына ән арнаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары