$ 448.89  477.93  4.76

Денис Тен Астанада ерекше шоу көрсетті (ФОТО, ВИДЕО)

«Денис Тен және оның достары». Спортшы осындай атаумен Астанада ерекше мұзды шоуы өткізді деп жазады Stan.kz.

Шараны Астананың 20 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырды.

Каролина Костнер, Елена Радионова, Алена Савченко, Бруно Массо, Ян Хан және тағы басқа мәнерлеп сырғанаудан әлемдік деңгейдегі спорт шеберлері өнер көрсетті.

Шоуда ерекше көрініс Димаш Құдайбергеннің әніне дайындалған арнайы бағдарлама болды.

«Бұл қойылымды Пхенчхан қысқы Олимпиадасының финалында көрсетуім керек еді, өкінішке қарай ол кезде сәті түспеді, сондықтан дайындығымның көп уақыты жұмсалған бағдарламамды бүгін көрсетудің реті келген секілді», – деп өз ойымен бөлісті ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары