$ 448.89  477.93  4.76

Белгілі тележүргізуші Қайраттың жаңа әнін сынағандарды итке теңеді (ВИДЕО)

 

Нұрлан Қоянбаев кеткелі «Түнгі студия» бағдарламасының тізгіндеген жас ару Эльвира Ергалина Қайрат Нұртастың жаңа әнін сынағандарға жауап берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісінде жазды.

“Қайрат Нұртастың інісінің ағылшынын мазақ қып, күліп, ой, бір рахаттанып жатыр біраз адам. 10 жылдай бұрын ҚН сахнаға шыға бастағанда оны менсінбей, кекетіп, күлген. Биін мазақтайтын, дауысы жоқ дейтін, көзілдірігіне тиісетін. Күлген адамдар әлі сол күйі, жағдайы да баяғы, ештеңе өзгерген жоқ. Ал, Қайрат Нұртас өзгерді. Ол қазір бай, танымал, атақты, айналасына пайдалы.

Сонда бұл жерде кім ақылды деймін де. Өзгенің сөзіне құлақ аспай, мақсатына қарай жүре беретін Қайрат па? Әлде өзгенің кемшілігін тауып, соны жалаулатып күлу арқылы өзінің кемшілігін жұбататын сіз бе?

Ауылда көшемізден адам, көлік өтсе, көршіміздің қанден иті жүгіріп, шәуілдеп үріп, біраз жерге дейін артынан еретін. Өзінің есебі мықты, арақашықтықты жақсы сақтайды. Адам тоқтап, күтсе не тас алуға ыңғайланса, зытып береді. Дым қауқар да жоқ өзінде. Бірақ, ұраны – шәуілдеу.

Сол сияқты әр құбылысқа ешкім сұрамаса да, бес тиынын қыстырып отыратын “ақылдылар” бар ғой. Ұраны – өзгені ақымақ санау арқылы өзін ақылды сезіну. Ішкі комплексін солай толтырады”, – дейді тележүргізуші.

Айта кетейік, өткен аптада Қайрат Нұртас інісі Заңғармен бірге «My universe» әнін көпшілікке ұсынған. Арада 2-3 күн өтпей жатып желіде әнді кекеткендердің видеосы тарап кетті. Десе де 5 күн ішінде жаңа туындыны тыңдарғандар саны 800 мыңға жуықтаған. Ал, әншінің өзі болса, жұрттың сынаса да, әйтеуір, әнін сөз еткеніне мәз.  

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары