$ 445.66  474.58  4.78

«Star of Asia» фестивалі билеттерінің 80 пайызы сатылды

«Star of Asia» халықаралық музыка фестивалінің ашылуына 2 күн қалды. Бүгінге дейін билеттердің басым бөлігі сатылды. Дегенмен, ұйымдастырушылардың айтуынша музыка мерекесіне келуге әлі де мүмкіндіктер бар.

Барлық  билеттерге ұтыстар қойылған, олар: автомобиль, Түркияға жолдама, фитнес клубтың жылдық абонементі және басқа да бағалы сыйлықтар.

Бұлардан өзге, фанаттар өздерінің кумирлерін қол тастам жерден - Қызыл кілемше үстінен көре алады. Ол жермен тек фестивальға қатысушылар ғана емес, сонымен қатар, танымал отандық артистер, телеарна жұлдыздары, қоғам қайраткерлері және басқалары да жүріп өтпек.

Еске салсақ, ауқымды шоуға Arash, Anastacia, Serebro, ASTRO, Севара, Жийдеш Идирисова, Диляра Кязимова, Isheeta Chakrvarty сынды шетел әншілері, сондай-ақ, қазақстандық орындаушылар: Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Дастан Оразбеков, Әлішер Каримов, Бейбіт Кушкалиев, Кәмшат Жолдыбаева, Нұрболат Абдуллин, Әйгерім Қалаубаева, M’Dee, «КешYou», «Ұлытау», Mad Men топтары және басқалары қатысады.  

Билеттерді мына сайттардан: starofasia.kz, kassir.kz, zakazbiletov.kz және «Меломан» желілері мен Республика сарайының кассаларынан алуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары